Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызының көзінше өлтірген": Қазақстандық азамат әйелінің көзін құрту үшін киллер жалдаған

Алматы облысында 34 жастағы Светлана Ермошенконы бір жасар қызының көзінше өлтірген. Күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы "НеМолчиKz" қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова Facebook-те жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға былтыр болған. Дина Смаилованың айтуынша, Александр Ермошенко баласын жалғыз тәрбиелеуді қалап, әйелін өлтіргісі келді. Оның көзін құрту үшін киллер жалдауға шешім қабылдады.

"Ол үміткерді ұзақ уақыт бойы таңдады. Алдымен бір танысына кісі өлтіруді ұсынған, ол ер адамның сөзіне мән бермеген. Содан кейін Алакөл көлінде құтқарушы болып жұмыс істеген Матяшинге тоқталып, оған екі миллион теңге сыйақы ұсынды", - деп жазады Смаилова.

Бірінше қастандық 2020 жылдың 10 қарашасында жасалған. Алайда соңғы сәтте киллер адам көп жүретін жерде қылмыс жасамайтынын айтып, ойынан айнып қалған. 

13 қарашада  Ермошенко әйелі мен баласымен Қапшағай тас жолымен жүріп, адам қарасы көрінбейтін жерге тоқтаған. 

"Қажетін өтеу үшін көліктен 150 метр қашықтыққа кеткен. Осы уақытта Матяшин келіп, көлікті ашып, қолында бір жасар қызы бар Светлананың басынан ұрған. Осыдан кейін ол әйелге 30-дан астам пышақ жарақатын салды, олардың үшеуі өлімге себеп болды", - деді Смаилова.

 Ермошенко оралып, жылап жатқан баласын қолына алып, әйелінің өлімін бақылауды жалғастырған. Светлана алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, Матяшин қылмыс орнынан қашып кетті. Бірақ оқиғаға куә болған адамдар полиция шақырды.

Қаскөйлер ұсталып, тергеу басталды.



Жуырда Алматы облысы Қарасай ауданының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты күдіктілерге үкім шығарды.

Осылайша, марқұмның бұрынғы күйеуі Александр Ермошенко Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімінің 5, 7, 8-тармақтарына ( Адам өлтіру: аса қатыгездiкпен; басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен; адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған) сәйкес кінәлі деп танылды .

Оған 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Екінші күдікті - Валерий Матяшин да ҚР ҚК 99-бабының сол тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі сотталушы да жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейтді.

Сонымен қатар қылмыскерлер марқұмның отбасына 20 миллион теңге төлеуге міндетті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта бала марқұмның ата-анасымен тұрады. Смаилова қыздың әлі де емделіп жатқанын және дәрігерлердің бақылауында екенін жазды.

"Светлананың ата-анасы үкімге наразы болды. Олар осындай қорқынышты қылмыс үшін жазаның максималды мерзімін күтті. Бірақ бізді Матяшиннің балалық шағында осындай жағдайды басынан өткергені таң қалдырды: әкесі анасын өлтіріп, түрмеге отырды, ал өзі балалар үйінде өсті. Соған қарамастан ол бір жасар қызды жетім қалдырды", - деп жазды Смаилова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр