Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ер адам әйелін 18 жерінен пышақтаған: Мәселеге қатысты тың деректер белгілі болды

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті адам өлтірді деген күдікпен бір күн бұрын ұсталған ер адамның осыған дейін де құқық қорғау органдарының назарына түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Күдікті Бауыржан Хайруллин Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы қызметкері болып шықты.

"19 сәуірде сағат 16:30-да Урдинская көшесінде өтіп бара жатқан азаматтардан дене жарақатын алған адам туралы хабарлама келіп түсті. Полиция оқиға орнына барып, 20 минуттан кейін күдіктіні ұстады. 30 жастағы ер адам 1991 жылы туылған әйелге пышақ сұғып алған. Ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыстың себебі қызғаныш болған", - деп хабарлады полиция бас0армасы

Кейінірек жәбірленушінің аты-жөні белгілі болды. Ол күдіктінің бұрынғы әйелі Айнагүл Хайруллина болып шықты. Полицияның түсіндіруінше, әйел бұған дейін бұрынғы жұбайына қатысты шағымдармен полицияға хабарласқан.

"27 қаңтарда әйел полицияға бұрынғы күйеуі оған физикалық зиян келтіремін деп қорқытты деген арызбен жүгінді. Учаскелік полиция қызметкері қорға туралы бұйрық шығарды. Бұл бір айға жарамды болды. Кейінірек әйел арызын қайтарып алды", -  деді БҚО ДП ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Айнагүл Хайруллина жеке кәсіпорында жұмыс істеген. Әріптестері марқұмның жақсы адам болғанын айтады. Оған қоса, таныстары бұрйынғы күйеуі келіншекке қоқан лоқы көрсетіп жүргенін білетіндерін айтты.  

"Айнагүл екі бала тәрбиелеп өсірді. Ол өте мейірімді және көпшіл еді", - дейді әріптестері.

Қазір күдіктіге қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Ер адам бұрынғы әйеліне 18 пышақ жарақатын салған.

Еске салсақ, осыған дейін Оралда полицейлер әйелін өлтірген күдіктіні ұстады. 30 жастағы ер адам қайғылы жағдайға дейін қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жұмыс істегені туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр