Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ким Чен Ын КХДР экономикасы барлық секторда сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеді

КХДР басшысы Ким Чен Ын елдің экономикалық дамуының бес жылдық жоспары жоспары барлық жағынан дерлік сәтсіздікке ұшырағанын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Солтүстік Корея лидері Кореяның Еңбек партиясының съезі кезінде мәлімдеді.

Ким Чен Ын 2020 жылы соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс жоспар аясында барлық секторларда мақсаттарға қол жеткізілмегенін атап өтті. Ол КХДР экономиканы өз күштері негізінде нығайтуы керек екенін баса айтты. Солтүстік Кореяда басталған еңбек партиясының съезінде экономиканы дамытудың келесі бесжылдық жоспары қабылданады.

Бұған дейін КХДР жетекшісі Ким Чен Ын Кореяның Жұмысшы партиясының құрылғанына 75 жыл толуына орай өткен парад кезінде «жақсы көшбасшы» болмағаны үшін азаматтардан кешірім сұрап, жылап жіберді. Ол азаматтардың сенімін өз өмірін құрбан ете отыра қорғауға уәде берді.

Еске салайық, Ким Чен Ын өз өкілеттіктерінің бір бөлігін ең жақын көмекшілеріне, оның ішінде қарындасы Ким Е Чжонға берді. Ол "күйзелістен арылу"  үшін осындай шешім қабылдаған.

STAN.KZ
Жұма, 08 Қаңтар, 2021 18:00
Талқылау