Кім болса да, орнына қойыңдар: Назарбаев арандатушылар туралы әңгімеледі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел ішінде арандатушылыққа жол бермеуге шақырды.
Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Қазақстандықтардың тыныш өмір сүруі үшін Қазақстанда достық орта құрылды және біз сақ болуымыз керек. Арандатушылар анау ұнамайды, мынау ұнамайды деп бірден кемшілік іздеп, соны шешуге дайын тұрады. Жақында ғана Шығыс Қазақстанда су тасқыны болды. Бәрі «бүкіл Қазақстан батып жатыр» деп шықты»,-деді Елбасы.
Назарбаев мұндай әрекеттердің тоқтатылуы керек деп санайды.
«Мұндай кезде сақ болуымыз керек. Кім болсада, ондай адамдарды орнына қою керек. Біздің тұрақтылығымыз бен игілігіміз бәріміз үшін қымбат. Тек сонда ғана дамитын боламыз», – деп қорытындылады Назарбаев.
Тағы оқыңыз:
Назарбаев қазақстандықтарды ақшаны тойға емес, тұрғын үйге жұмсауға шақырды
Қарапайым адам түсінбейді: Назарбаев Ақышевтың баяндамасын сынға алды
Назарбаев: Миллиондаған қазақстандықтар “7-20-25” бағдарламасы бойынша баспаналы бола алады
Назарбаев Астананың 20 жылдығын «шығынсыз» атап өтуді тапсырды