Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Миллиондаған қазақстандықтар “7-20-25” бағдарламасы бойынша баспаналы бола алады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы барысында “7-20-25” бағдарламасы туралы сөз қозғады. Президент аталған бағдарлама арқылы миллиондаған қазақстандықтар баспаналы бола алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

нұрсұлтан назарбаев

“Жақсы өмір сүру үшін баспаналы болудың қаншалықты маңызды екенін білеміз. Сондықтан да бұл проблеманы алдыңғы орынға қойдым. Жаңа шарт бойынша ипотека алу мүмкіндігі жұмыс істейтін әр қазақстандыққа беріледі, оны есептедік”, – деп атап өтті Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, аумағы 50-60 шаршы метр болатын екібөлмелі пәтерге отбасында екі адам жұмыс істеген жағдайда қол жеткізуге болады.

“Бұл отбасылық бюджетке ауыр салмақ түсірмейді. Сондай-ақ, алғашқы жарна 20%-дан аспайды, ал бұрын 50% пайыз болатын. Ол дегеніңіз, миллиондаған қазақстандықтар, әсіресе жас отбасылар, жастар жұмыс істеп, осы бағдарлама арқылы баспаналы бола алады”, – деп атап өтті президент.

Айта кетейік, “7-20-25” бағдарламасы бойынша, әр қазақстандық несиеге пәтер ала алады. Қазақстандықтар келесідей шарттар бойынша ипотекалық қарыз ала алады: несие бойынша сыйақы төлемі – жылына 7%-дан аспайды, алғашқы жарна — 20%-дан аспайды, несие берілу уақыты — 25 жылға дейін. Жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша кредит беру тек қана ұлттық валютада жүзеге асады.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев Астананың 20 жылдығын «шығынсыз» атап өтуді тапсырды

Қазақстанда АҚШ әскери базасы құрыла ма: Елшілік жауап берді

Қазақстан әнұранын баянның сүйемелдеуімен орындаған Нидерланды елшісі жұртты сүйсінтті (видео)

«Ақша қайда?»: Сенаторлар банктерді қолдауға бөлінген 3 триллион теңгеден астам ақшаның есебін сұрады

 

Талқылау