Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылқындырып, мәйітін құдыққа тастаған: Қостанай облысының тұрғыны әйелін өлтірді деп айыпталуда

Қостанай облысының тұрғыны әйелін шарфпен қылқындырып өлтіріп, денесін құдыққа лақтырып жіберді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

8 наурыз қарсаңында Қостанай облысы Лаврентьевка ауылының 36 жастағы тұрғыны полицияға әйелінің жоғалғаны туралы арызданған. Ер адам жұбайының екі жасар баласын қалдырып, үйден кетіп қалғанын, байланысқа шықпағанын мәлімдеген.

Полиция, ауыл тұрғындары және оның күйеуі әйелді іздеуге кіріскен. Алайда көп ұзамай ер адамның өзі күдікке ілінген.



Марқұмның денесі 8 наурызда табылды. Келесі күні ол жерленді. Екі жасар бала қазір күдіктінің туыстарында, ал ер адамның өзі қамауға алынды.

Жоғалған әйелдің күйеуімен ажыраспақ болғаны белгілі болды. 

Полицейлердің болжамы бойынша, олар жанжалдасып, күйеуі әйелін қылқындырып өлтіріп, мәйітті құдыққа тастаған. Ер адам анасына әйелінің заттарын жинап, кетіп қалғанын айтқан.

Кінәсі дәлелденген жағдайда ауыл тұрғыны сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау