Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қиын әрі күрделі болуы әбден мүмкін": Президент 2023 жылға болжам жасады

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президентт Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылға арналған болжамын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Тоқаев министрлер мен әкімдердің жұмысына қатысты азаматтардан түсетін шағымның көбейгенін мәлімдеді.

Жұртшылық Үкіметтің де, барлық деңгейдегі әкімдердің де жұмысына қатысты арыз-шағым айтуда. Халықтың сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде, күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсуде. Қаладағы және ауылдағы тұрғындардың өмірі үшін аса маңызды инфрақұрылымның тозығы жеткен, тіпті, мүшкіл халде десек те артық емес. Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Осындай жағдай бәрімізге қауіп төндіретіні анық. Оның үстіне, келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін", – деді президент. 

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев берешегі 90 күннен кешіккен адамдарды "жаңа несиеден арашалайтын" Жарлыққа қол қоятынын мәлім етті. Сонымен қатар тұтыну несиелерінің шамадан тыс артуына жол бермеудің маңыздылығына тоқталған. 

Талқылау