Киім түстері де әр түрлі дертті емдеп жазады
Адам ағзасы үшін оның қандай түсті киім киіп жүргенінің де өзіндік маңызы бар екен. Бұл жөнінде ғалымдар айтады.
Осыған орай «Түс терапиясы» деп аталатын тәсіл де ойлап табылған. Яғни қандай да бір түсті ретімен қолдана отырып, ағзаның денсаулық күйін жақсартуға болады екен, деп жазады Замана.
Бұл жөнінде, мысалы, Украинадағы халықтық және дәстүрлі емес медицина қауымдастығының, Украин психотерапевттер одағының мүшесі, биоэнергетик Алла Чайковская былай депті: «Сәуленің түсі оның жиілік толқынына байланысты. Адам ағзасындағы қандай да бір органның жасушаларында да осы тербелістерге сай жиілік толқыны бар. Міне, осыларға өзіне жағымды әсер ететін қанық түстер арқылы ондағы бұзылыстарды реттеуге болады».
Ал мұндай түстер 7-еу екен: қызыл, қызғылт (сарғылт), сары, көгілдір, көк және күлгін.
1. Қызыл түстің гипотониктер мен жедел-өтпелі тыныс жолы ауруына ұшырағандарға пайдасы бар. Ол терінің иммундық жағдайын жақсартады, қан айналымына, жүрек жұмысына, эритроциттердің түзілуіне жайлы, қан қысымын көтереді. Бірақ оның тым жиі әсері басты ауыртады, ширықтырады, тітіркендіреді.
2. Сарғылт (қызылт) түстің бронх-өкпе, көмейге әсері жақсы. Бронхит, трахеит, ларингит кезінде көмегі бар, жаурап тоңғанда, суықтағанда жылындырады, суықтап ауырудың алдын алуда пайдасы бар. Оның эпилепсия сияқты неврологиялық қалыпсыздықтар кезінде де ағзаға көмегі бар.
Ескерту: Мұндай түсті киімді тым көп кигенде ағзада әлсіреу, тітіркену пайда болады, адам арзымайтын нәрсеге кейи беретін болады.
3. Сары түстің асқазан-ішек жолына, көзге пайдасы бар. Әсіресе өттің уақтылы жылжуына әсері жақсы, ас қорытуға пайдалы. Ұйқы безі жұмысына, асқазан сөлінің дұрыс бөлінуіне сеп. Жабыққанда, көз шаршағанда, алыстан көрмеушілік кезінде пайдасы бар.
Бірақ бұл түс тым жиі әсер ете берсе, адамда өт жылжуына қатысты проблема туындайды, агрессиялық күй бой көтеруі мүмкін.
4. Жасыл түсті стреске шалдыққанда, бауыр жұмысын жақсарту үшін қолдануға болады. Оның қалыпқа келтіретін қасиеті бар. Жүйке ширыққанда оны тыныштандырады, одан туындаған стресті, бас ауруын, өт қабының тербелісін тудырады, сол арқылы бауырға да жайлы әсер етеді. Ол артериялық қан қысымын, жүрек соғысын қалыпқа келтіреді. Қанша ұзақ кисе де адамға теріс әсер етпейді.
5. Көгілдір түс тыныс жолдарына, қалқанша без бен жүрекке пайдалы. Сондықтан оны тамақ, эндокриндік бұзылыстар кезінде, әсіресе ревматизм мен полиартрит кезінде қолдануға болады.
Бұл түстің тәбетті төмендететін де әсері бар. Сондықтан ол семіргісі келмейтіндерге де пайдалы. Ол әйелдерде «айлық қонақ» келуі алдындағы жайсыз сезімнің әсерін азайтады.
Алайда бұл түсті де шамадан тыс пайдаланудың өзіндік жайсыздықтары жоқ емес. Созылмалы әрі күшті артық әсері ағзада түрлі беріштенулерді (өтте, бүйректе, несеп жолдарында тас, жұмыртқа безінде өскін түзілуі, т.б.) туындатады.
6. Көк түстің ұйқысыздыққа ұшырағанда шипасы бар. Дене қызуы көтерілгенде оны төмендете алады. Мұрыннан жалқықтың уақтылы бөлінуіне сеп, жедел-өтпелі тыныс жолы аурулары кезінде бас ауруын баса алады. Ішек жұмысын жақсартады, ауырсынуды басатын, бактерияға қарсы әсері бар.
Дегенмен бұл түстің шамадан тыс әсер етуі адамда көңіл-күй күйзелісін, жыныстық құштарлық қозуын, дененің дел-сал болуын, кей адамдарда сіңір түйілу ұстамаларын, үрей шабуылын (уайым, шер) туындатады.
7. Күлгін түс жүйке жүйесін тыныштандырады. Оның бүйрекке, несеп қабына, миға пайдасы бар. Бастан соққы алған, ми қозғалған жағдайда оған көмегі жақсы. Тамыр бұзылыстары кезінде ағзаның жағдайын жақсартуға әсері бар, жұмысқа қабілет жоғалғанда тонусты жақсартуға пайдалы.
Бірақ тым көп әсер етсе, бұл түс адамды жабығу-жабырқау, уайымға салыну сезімдерін тудырады, депрессияға ұрындырады. Ал енді мұндай түстермен тиімді емделу үшін не істеу керек?
Айналаңызда сол түстегі төсек-орын, ыдыс-аяқ, үйіңізде сондай түстегі киім болсын. Әсерді мынадай тәсілдермен де беруге болады:
1. Киім мен оның бөлшектері, керек жарақтары.
2. Интерьер, зерлеу заттары.
3. Бағалы тастар.
4. Түрлі түс беретін шамдар.
5. Түрлі-түсті, реңді тағамдар.
6. Асүй әбзелдері, керек-жарақтары.
7. Түс реңін көзге, түйсікке елестету.
Сондай-ақ мынадай тәсілдерді меңгерсеңіз де болады:
Қажетті түс сәулесін елестетіп, оны ойша денедегі проблемалы тұсқа бағыттаңыз. Мұны күніне 3 мәрте істесеңіз болады.
Жедел-өтпелі тыныс жолы аурулары кезінде осындай әдіспен қызғылт сәулені – көкбауырға (қараталақ), жасыл түсті тамаққа бағыттаңыз.
Артрит кезінде көк түсті сәулені – құрсақ өріміне (солнечное сплетение), жасыл сәулені – бүйрекке, қызғылт сәулені көкбауырға жіберіңіз.
Ал стресс, эмоциялық ширығу кезінде сары мен күлгін рең сәулесін ойша басқа бағыттаңыз, көк сәулені – тамаққа және құрсақ өріміне қарай жіберіңіз.
Егер асқазан-ішек жолында қалыпсыздық туса, онда көк түс сәулесін ойша маңдайға, тамаққа, құрсақ өріміне қарай бағыттаңыз.
Мұндай әдістің диабеттен зардап шегетіндерге де беретін жеңілдігі бар. Яғни ойша елестетілген сары және көк түс сәулесін құрсақ өріміне, жасыл сәулені ұйқы безіне бағыттаған жайлы әсер береді.
…Міне, ғалымдар түрлі түстердің адам ағзасы мен оның денсаулығына оңды әсері туралы осылай дейді. Есте ұстаңыздар.
Тағы да оқыңыз:
Рамазан айы 16 мамырда басталмайды: Бас мүфти мәлімдеме жасады