Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақстан” арнасын “Қабатовстан” арнасы деп атай береміз-ау: Рүстем Қайыртайұлы Тұрсынбекті сынға алды

Айтыскер Рүстем Қайыртайұлы ұлттық арнаның жаулап алған Тұрсынбек Қабатовтың бағдарламаларын сынға алды.

“Қазақстан” ұлттық арнасын “Қабатовстан” арнасы деп атай береміз-ау. Бір емес, бірнеше бағдарламасын ең ыңғайлы уақытта көлдей ғып эфирден көрсетеді. Көрсетсін, мақұл, аман болсын. Бірақ, неге айтысты бөрі тартқан тоқтыдай қылып жұлмалайды екен, ә. Әзіл ойдан жоғары, күлкі тағылымнан жоғары болды деген осы міне. Бір айтысымыз шығып еді 40 минуттық айтысты 17 минуттық қылып арасын әкәку-сәкәкумен толтырған да тастаған. Өз сөзімізді өзіміз танымай отырмыз, басқаларға өкпе бар ма…

…Ішіңнен мойындағың келмесе де,
Ағайын ақиқат деп осыны біл.
Тұрсынбек Кәкішовтің емес қазір,
Тұрсынбек Қабатовтың ғасыры бұл”, – деп жазады айтыскер желідегі парақшасында.

Тағы да оқыңыз:

Рамазан айы 16 мамырда басталмайды: Бас мүфти мәлімдеме жасады

Тұрсынбектің әйелінің елдегі қарызы жайлы айтатындай не болды: Журналист ұлттық арнаны сынға алды

Бәрі де әділетсіз: Асанәлі Әшімовтың жары күйеуіне жантебірентер жазба қалдырды

Талқылау