Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киевтегі телемұнараға зымыранмен соққы жасалды: Жарылыс сәті видеоға түсіп қалған

1 наурызда, түстен кейін украиналық БАҚ Киевтегі телемұнараға шабуыл жасалғаны туралы хабарлады, оған ресейлік зымыран түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Телемұнараның жарылғаны және үстін түтін басқаны көрінетін фото және видео "Прямой",  "Суспiльне", телеарналары мен Страна.u басылымы жариялады.

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің (ТЖМЖ) ақпараты бойынша, телемұнараға соққы нәтижесінде бес адам қаза тапты, тағы бесеуі жарақат алды.

"Сағат 18:00-де Шевченков ауданындағы Киев теледидар мұнарасына шабуыл салдарынан бес адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Жұмыс жалғасуда", –  деді ведомство.

Жарылыс болғаннан кейін Украинаның орталық телеарналары эфирге шыға алмай қалды, кейінірек олардың жұмысы қалпына келтірілді.

"Телемұнарада аппараттық хабар таратуға түсу. Уақытша таратуда проблемалар бар. Қазір радиостанциялар ақпарат таратып жатыр. Жақын арада резервтік хабар тарату қосылады", –  делінген Жоғарғы Раданың Telegram каналында.

Оқиғадан кейін Киев мэрі Виталий Кличко Украина астанасының тұрғындарына мәлімдеме жасады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, екі зымыран телемұнараға түсіп,  Киевтің 5 бейбіт азаматы қаза тапты. Олар мұнараның жанынан тротуар бойымен кетіп бара жатқан. Мен барлық киевтіктерді көшеде жүрмеуге шақырамын. Мүмкіндігінше абай болыңыздар.

Бұл түнді өз үйлеріңізде өткізген дұрыс. Қазір мамандар телемұнараның толыққанды жұмысын қалпына келтіру үшін жұмыс істеуде. Цифрлық эфирлік хабар таратуды ішінара қалпына келтірді. Сондай-ақ телеарналар кабельдік желілерде, спутниктен және онлайн-хабар тарату арқылы қол жетімді. Өз қаламызды қорғау үшін жұмылайық! – деп мәлімдеді бокстан бұрынғы әлем чемпионы Кличко.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 02 Наурыз, 2022 07:54
Талқылау