"Қыдырәлі аузына келгенін айтып боқтаған": Танымал журналист Гүлбану Әниятқызы көлік салығын төлемейтін әншілерді атады
Танымал медиа маманы, журналист Гүлбану Әниятқызы көлік салығын төлемейтін өнер өкілдерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
БАҚ өкілі әншілердің салық төлеуі естерінен шығып кететінін айтты.
“Салық төлемей жүрген блогерлердің тізімі деп тарап жатыр екен. Айлық мүмкін жылдық табысы бәленбай млн, тіпті млрд бар. Сонда бұлардың инстаграмнан тапқан күндік табысы қанша?! Баяғыда Салық органдары көлігінің салығын төлемейтін әнші-әртістердің тізімін беретін еді. Ерінбей бәріне хабарласып шығатынбыз. Сонда “ұмытып кетіппін”, “қайдағы қарыз” деп, тіпті кейбірі қорқытатын, “сен менің кім екенімді білесің бе?” дегендей. Қыдырәлі деген әнші аузына келгенін айтып боқтағаны есімде. Ең қарызы көп Қарақат екеуі еді. Бұл жолы олар тізімде жоқ екен”, – деп жазды журналист.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев салық комитетінің бұл әрекетіне наразылығын білдірген еді. Айтуынша, мұнда көрсетілген қаражат дұрыс есептелмеген және тіпті бұрыннан салық төлейтін адамдарға да келген.
Фото: Жеке парақшадан скриншот
Одан кейін, қазақстандық тележүргізуші, актриса және жүздеген мың жазылушысы бар блогер Дарья Александрова салық комитетінен келген хабарламадан кейін жағдайының нашарлағанын жеткізген еді.