Хайуанаттар бағына әлемдегі ең улы өрмекші өткізілді
Жақында Австралия хайуанаттар бағына зерттеу тарихында кездеспеген әлемдегі ең үлкен сиднейлік қара бүйені өткізді.
Бұл туралы Yahoo7 порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Буынаяқтының ұзындығы аяғымен қосқанда 7,8 сантиметр. Хайуанаттар бағының қызметкерлері бұл бүйені Колоссом деп атады. Әдетте осындай өрмекшілердің үлкендігі 1-ден 5 сантимертге дейін ғана жетеді.
Колоссоны буынақтыларды іздеуге арналған «сауу» бағдарламасы кезінде тапқан. Орталық қызметкерлері улы өрмекші шаққан жағдайда оған қарсы дәрі ойлап табу үшін әр екі апта сайын жүздеген еркек буынаяқтылардың уын жинауға шығады. Бастаманың арқасында, елде 1981 жылдан бастап осы типтегі өрмекшілердің індетінен ешқандай өлім болмады.
Сиднейлік өрмекші әлемдегі ең агрессивті буынаяқтылардың бірі болып табылады. Сондай-ақ ол Австралиядағы ең улы өрмекші болса, әлем бойынша уы қауіпті жәндіктердің екіншісі.
Жіберіп алмаңыз:
Тайвань тұрғындары жаппай дәретхана қағазын сатып алып жатыр
Бір-бірін сүйеді, қайтеміз енді: Сығандар 11 жасар баланы өзінен үлкен қызға үйлендірді (фото)
Әйел есірткіге салынған сыныптасын емдетіп, кәсіпкерге айналдырды
Ақтөбенің қонақ үйіндегі алтын жалатылған дәретхана Ресей әртісін таңғалдырды (видео)