Хайперлер мен ұятмэндер: Желіде жалаңаштанған тағы бір қыз талқыға түсті

Мен қазақтың қызымын және оны мақтан тұтамын. Апта басы Инстаграм парақшасында шыққан осындай сарындағы пост желіні жарды. Әлбетте қаракөз, қолаң шаш, қиғаш қас, бұрымдылардың көркі – көптің көзқуанышы, ағайынның абыройы екеніне талас жоқ.

Бұл туралы Еуразия арнасы хабарлайды.

Әсілінде әрбір қазақ қызы осылай десе қандай жақсы. Бірақ, өзінің қазақ қызы екенін баса айтқан бұрымды бойжеткеннің сөзі мен ісі сай болмай қалды. Оның әдемі күміс алқасы жалаңаш төсінде жарқыраған еді. Сол-ақ екен, әлеумжелі ұлардай шулап қоя берді. Ұятсыз, арсыз, бетсіз, көргенсіз, надан деген қаралау сөздерден көз сүрінетін еді. Тараздың тартымды қызы тартынып қалмай, не үшін шешінгенін айтып, өзін сынағандарды әріге апарып, үш әріпке жібергендей болды. Қысқасы мораль соғысы десек артық айтқандық емес.

Байқасақ, байқасақ дейміз-ау, мамандар соңғы кезде әлеуметтік желінің қарқын алуы біраз түйткілдің бетін ашты деп топшылап отыр. Ол құндылықтар қақтығысы. Бір топ шешінгенді эстетикалық сұлулық деп танитындар. Ал оған сұқтанғандар жаңағылардың пайымынша – комплекс кернеген надан тобыр, адамның таңдау еркіне шүйліккендер. Содан болар, әлеуметтік желідегі түсініктер текетіресі нәтижесінде жаңа ұғым пайда болды. ҰятМэн.

Ұятмен деген кім? Ол Қазақтың сабырлы мінезі, ғасырлар бойы жиған иманы, мұсылмандықтан сіңген рухани код, тағы басқа да қасиеттердің жиыны. Сонда, жалпақ жұртты Ұятмен деген ұғымға сиғыза салатын топ кім, және қайдан келген? Осындай сұрақ туады. Десек те, білетіндердің көзімен қарап, парасатымен пайымдасақ.

Қоғамды қазір екіге бөлуге болады! Ол хайперлер мен ұятмэндер! Араларында бітіспес текетірес басталғандай! Жуырда ғана әлеуметтік желіні шулатқан Шырын бұл! Бар-жоғы 18-де! Бойжеткен дараланудың жолын тапты! Жалаңаш денесіне ұлттық әшекей тақты!

«Мен мұнда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын! Біздің елімізде бұдан зорлары болып жатыр, жемқорлық гүлдеп жатыр! Мен жай суретке түстім! Менің мұны істеуге құқығым бар! Мен бұл әшекейлерді ұрлап алмадым! Өз ақшама алдым!» – дейді қала тұрғыны Шырын.

Өкінішке орай, Шырын сияқты «Өзім білемдікке» салынғыштар көп қазір. Неге сонша шешінгіш болып кеттік?

«Мұндай қадамға көбінесе өз-өзіне сенімсіз, басқа айналысатын дүниесі жоқ бұрымдылар барады! Олардың қоғамға беретін ештеңесі болмағасын, түр-келбетімен алуға тырысады.Ал, хайп танымалдылыққа апарар төте жол!Бәлкім олардың бойында басқа да қабілеттер бар шығар! Бірақ, өздері әлі ол таланттары туралы білмейтін болып тұр ғой!» – дейді психолог Зарина Штеер.

Абайтанушы Омар Жәлел болса кінәнің бәрін әкеп жалғыз жалаң бұттарға арту әбестік болады дейді! Жо-жоқ! Бұл әуретті жерін ашқыштардың әрекетін ақтағанымыз емес, тек мәселеге обьективті баға беруді көздегеніміз! Оның пайымынша, жастардың тым еркінсіп, ерсі қылықтарға баруын қоғамдағы қандай-да бір құбылыстарға қарсылық ретінде бағалауға болады.

«Екінші бір себебі, қоғамда екіжүзділікке деген қарсылық ретінде де қарауға болады.Мынау хиппи деген қозғалыстар болған! Шаштарын қырып, шынжыр тағып!Негізі бұларды субкультура деп атайды! Олар ана қоғамға деген қарсылық! Қоғамдағы екіжүзділікке деген жастардың қарсылығы деген көзқарас ар! Анау Махамбет Өтеміс айтқан ғой қариясы жоқ болса жастары болар диуана,бір сынаған жаманды екі қайтып сынама! Сыйласпасаң тірідей, көзіне құм құйылсын! Өлгеннен соң жылама! Сол бұрынғы қария қазақ қоғамында идеолог қой!» – дейді абайтанушы Омар Жәлел.

Әрі бұл сөздерде шөкімдей болса да, шындық бар сияқты! Өйткені, өздері мойындамаса да, әлеуметтік желіге жүктеген бұрымдылардың видеосынан наразылық белгілерін байқауға болады!

Әлеуметтік желідегі әдепсіз қылықтардың тыйылмай тұруына тағы бір себеп – ол өзіміз! Ұлттық құндылықтарды табалаған тентектергі тезге салғымыз келеді.Сөйтіп,әуретті жерін ашқандарды ал кеп сынаймыз! Ұятсыз, бетсіз, ардан безген деп неше түрліні жазамыз! Ниетіміз дұрыс ау, алайда, амалымыз бұрыс болып отырғаны!

«Егер айналаның бәрі жаман болса, онда жамандықпен күреспейсің өйткені ол көп, не істейсің дейді жақсылықты тарата бересің дейді. Сондықтан біздің қазіргі әрекетіміз есі дұрыс адамдардың әрекеті, ол қандай болу керек, жақсы, позитивті контент өңдіру, ағарту адамдарды, адамдардың сауатын ашу , сол масса кейін ағарғаннан кейін, жаңағы әрекетері өздеріне тиеді, еріксіз таң қалудан, орынсыз ашудан осы кездер тиеді. Текетіресті бастаған және соған ілесетін адамдарға аяушылықпен қараймын, шіркін-ай қаншама уақыт комментарий жазуға кетіп жатыр, ол баласын әліппеге үйрететін уақытта ұйықтамай, күйеуінен теріс қарап жатып комментарий жазып жатыр, оңбаған деп, иә, сен ашу-ызаңды төктің, сөйтіп сен ойладың ұлт алдыңдағы парызыңды орындадың деп, міне мен жаздым ғой , ана қыздың астына оңбаған деп, жоқ ол сенің парызың емес қой, сонда сонымен мәселе шешіліп кетті ме?» – дейді блогер Өркен Кенжебек.

Сонда не істейміз?

«Мен өзім ойлаймын мұны шешудің бірақ жолы бар, ол біз ұлттық идеологияға назар аударуымыз керек!Біз қазіргі кезде үштілділік деп, басқа тілдерді балаларға тықпалап жатырмыз!Шын мәнінде бір нәрсені ескермейміз. Тілмен бірге идеология келеді.Мысалы орыс тілі арқылы, орыстың идеологиясы кірді бізге!Ағылшын тілі арқылы батыстың идеологиясы кіріп жатыр да!» – дейді абайтанушы Омар Жәлел.

Ал, ұлттық идеологияны мығымдай алмайды екенбіз.Онда еш болмаса тәрбиені заңмен түзейік! Қызы ерсі қылық көрсетті ме, ата-анасы жауапқа тартылсын!Өйткені, бала әке-шешесі үшін жауапты болмауы мүмкін. Алайда, ата-ана баласы үшін жауапты екені, талқыға түспейтін дүние ғой!

Әзірге бұл текетіресте анық жеңімпаз жоқ. Бірақ, қоғамдық санада сілкініс болмаса бетпақ жеңіп, бейбақ көнетін заманның ауылы алыс емес!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Өлімнің себебі айтылмады

50 миллионды қолды қылған: Алматыда 33 жастағы келіншек алаяқ болып шықты

Құйтырқы әрекетін ол тұрғынүй инспекциясының алдында жүріп жасаған екен

Ресейде зорланған қазақстандық қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды

Қазіргі уақытты 3 полиция қызметкері күдіктеліп отыр

Спортшылар қанша табыс табады: Хабиб Дастин Порьемен жекпе-жек өткізеді

Айқас Біріккен Араб Әмірлігінде өтпек

Ерлі-зайыпты көлден екі аузы бар балық аулады

Олар балықты суретке түсірген соң қайта суға жібере салды

Суға батқан қыздың әруағы жүреді: Қуыршақтардан тұратын әлемдегі ең қорқынышты мекен анықталды

Аңыз бойынша, аралда өмір сүрген адам суға батқан қызды құтқара алмаған

Қазақстанда атаулы көмек алатын 70 мың отбасы қайта тексеріледі

Сапарбаев: 300 мың жалақы алатындар құжатқа 40 мың жалақы аламыз деп көрсетеді

Атыраудағы драма театры толықтай кәсіпкерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтап жатыр

Жәкішевтің апелляциялық сот отырысын тағы да кейінге қалдырды

Бұған дейін апелляциялық сот 27 тамызға ауыстырылған еді

"Парашют ашылмай қалды": Алматы облысында тікұшақтан секірген әскери қызметкер көз жұмды

Әскери қызметкер қосымша парашютті қолданбаған
Çàãðóçêà...