Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызына үйленген орыс жігіті: Қазақтың тілін, салт-дәстүрін қатты құрметтеймін

Астаналық жас жұбайлар Олег Рябченко мен Айкен Нұралы өздерінің отбасы тарихы туралы бөлісті. Болашақтарын Қазақстанмен байланыстыратын  білімді ерлі-зайыптылар, қызметтік мансапқа қол жеткізген. Өткен жылдың шілде айында шаңырақ көтерген орыс жігіті мен қазақ  қызы өздерінің махаббаттары туралы баяндап берді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Мен журналистпін, қазір ақпарат және коммуникация министрлігінде жұмыс істеймін. Ал жұбайым консалтингтік компанияда заңгер. Біз 2010 жылы студент кезімізде таныстық. Екеуміз де пікірталастарға белсенді қатысып жүретінбіз. Сол уақытта ол да, менде  Астанада білім алсақта, нақты танысу шығыс пікірталастарының турнирінде  болды. Бастапқыда біз пікірталасқа түсетін серіктес, кейін жақын дос болып кеттік. Шамамен  бір жыл өткен соң бір-бірімізге деген ерекше сезім оянды. Ал 2011 жылдың маусымынан бастап ғашықтар ретінде кездесе бастадық»,-дейді Олег.

Достықтың арты үлкен махаббатқа ұласқаннан ба, әйтеуір жас жұбайлар бірінші достықты бағалаймыз, дейді. Ерлі-зайыптылар бұған дейін де пікірталасқа түсіп тұрғандықтан, өмірге деген көзқарастары да бір жерден шығады.

Олегтің айтуынша оның отбасы қазақ қызы Айкенді қуана қабылдаған екен. Әжесінің көңілінен шыққан қыз, жаңа отбасына тез сіңісіп кеткен.

Алайда Айкеннің отбасы орыс жігітін бірден қабылдамаған. Қыздың анасына Олегті күйеу баласы ретінде қабылдау үшін ұзақ уақыт керек болған. Кейін Айкеннің туыстары олардың махаббаттарының шынайы екенініне көздері жетіп, келісім беріпті.

Екі жақтың батасын алған ғашықтар үйлену тойларын ойдағыдай өткізген. Олардың тойлары қазақтың қалыптасып қалған қағидалары сияқты емес, заманауи дәстүрде болды. Жас-жұбайлар мерекелік салтанатты қаланың сыртында, жақын достардың ортасында атап өткен.

Отбасында екі тілде сөйлейтін орыс жігіті қазақ тілін қатты құрметтеймін, дейді.

«Қазақтың тілін, дәстүрін қатты құрметтеймін. Мемлекеттік тілімізде еркін сөйлегім келеді. Күнде таксиде, дүкенде, үйде қазақша сөйлеуге тырысамын. Кейбір қазақ достарыма қарағанда, мемлекеттік тілде жақсы сөйлеп, түсінемін»,-дейді Олег.

Жіберіп алмаңыз:   

Ақтауда балалар қойылымындағы жанжалдың себебі анықталды

ШҚО Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланып, 400 адам эвакуацияланды

Алматылық жігіт әйгілі әншінің концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасап, залды шулатты (видео)

Павлодарлық студенттер өрттен анасы көз жұмып, өзі ауыр халде жатқан жігіт үшін қан тапсыруға шақырды (видео)

Талқылау