«Халқымыздың ұлы қызы»: Алагөзовтің әкесі болашақ келіні Баянға ән арнады (видео)
Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі, танымал дирижер әрі музыкант Тұрым Алагөзов болашақ келініне ән арнады. Ол желіде бөліскен жазбасында экс-Есентаеваны «халқымыздың ұлы қызына» теңеп, оны сынамас бұрын Баян шыққан биіктің ең құрығанда бір бөлігін бағындырып көруге кеңес берді, деп жазады Stan.kz.
«Бұл музыканы халқымыздың ұлы қызы Баян Мақсатқызына арнаймын! Таудың биіктігі барлық адамға көрінгенімен, оған әркімнің қолы жетпейді. Алқапта гүл өсіп тұрған кезде, таудың басында жылтырап әппақ қар жатады. Бұл қар құйынды дауылды бірінші көргенімен, Алла оған күн сәулесін бірінші болып қарсы алуға мүмкіндік берген.
Өмірдің биігіне барлық адам талпынғанымен, оны бағындыруға екінің бірінің күші жетпейді. Тіпті, кей адамдардың ондай мақсаты да жоқ деп ойлаймын. Баян туралы жақсы айтса да (Аллаға шүкір, жақсы пікірдегі жандар көп), жаман айтса да ол адам, ең алдымен Баянның жетістігінің бір бөлігіне қол жеткізіп көрсін! Бет-аузын тіліп, екі сағат бойы соққыға жыққаннан кейін небәрі бір жылдың ішінде ол толық метрлі көркем фильм түсіріп, кітап жазды, аяққа тұрып, қиын күнде өзін тастап кетпеген нағыз досын тапты және бүгін өмірдің биігінде өмір сүріп келеді.
Оны елдің бәрі көреді, оның қандай мақсат қойғанын анық біледі, ол Нағыз адам! Ол да басқалар сияқты адам, ол да қуанады, қаймығады, жақсы көреді және қиналады, бірақ көпшілікке қарағанда Жаратқан оған талантты үйіп берген. Біздің ұлы, еңбекқор, мейірімді әрі талантты халқымыз үшін өмір жасың ұзақ болсын, Баян», – деп жазды Тұрым Алагөзов желідегі парақшасында.
Жіберіп алмаңыз:
Сиви Махмуди Ернар Айдардың құпиясын ашып қойды
Асхат Садырбай бірінші әйелі Еркемен шығармашылық байланыста екенін айтты
“Меломен” тобы өздеріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді
Баян экс-қайын сіңлісі туралы: Ол өзі күйеуімен ажырасып, екінші рет тұрмысқа шығып алған