"ҚФФ қабылдаған жылдың үздік шешімі": Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасындағы бас бапкер қызметін жалғастырады
Фото:Kff_team
Футболдан Қазақстан құрамасының уақытша аға бапкер қызметін атқарып жүрген Талғат Байсуфинов — ұлттық құраманың алдағы екі матчына бапкерлік қызметін жалғастырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы елімізге танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің телеграм каналында хабарлады.
“Қуанышты жаңалық! Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының алдағы екі ойынына бас бапкер болып қала бермек. ҚФФ қабылдаған жылдың ең үздік шешімі осы болды. Белгия мен Фарер аралдарына қарсы екі ойын Ұлттық құрама намыспен ойнайды деген сөз ғой”, — деп жазды Ермұхамед Мәулен.
Айта кетейік, бұған дейін Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасын Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы ойындарда дайындаған еді. Лихтенштейнмен өткен кездесуде команда 4:0 есебімен жеңіске жетсе, Солтүстік Македонияға қарсы матч 1:1 тең есеппен аяқталды. Алдағы 15 қараша күні Қазақстан өз алаңында “Бельгия” құрамасын қабылдаса, 18 қарашада “Фарер аралдарына” қарсы ойын өткізеді

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
