"Кезекке тұру түнде басталады": Шымкентте тұрғындар ХҚКО-дағы ұзын-сонар кезекке шағымдануда
Түркістан облысының тұрғындары Шымкенттегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алдындағы ұзын-сонар кезекке шағымдануда. Аймақ тұрғындары жүргізуші куәлігінің санатын көтеру үшін мегаполиске келгенімен, бұл жұмыс үшін бірнеше күн жүруіне тура келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Мұнда келушілердің айтуынша талон алу үшін адамдар кезекке түннен бастап тұрады екен. Олардың осындай ұзын-сонар кезекке түнде келіп тұрып жатқан видеосы тіпті желіде тараған. Тұрғындар мұнда “В” және “С1” санаттарын алуға келген. Айтуларынша “С1” санатын алу қиындық тудыруда. Себебі мекемеде бір ғана “Газель” көлігі, ал осы сантқа үміткерлер саны күннен-күнге өсуде. Бұл санат қалалар арасында жүретін жүргізушілер мен өнімдерін тасымалдайтын фермерлер үшін қажет.
“Мен Шәуілдірденмін. Мұнда келіп жүргеніме төртінші апта болды. Адамдар көп болғандықтан күнде ертеңге қалдырылып жүр. Енді бүгін өзіме қажетті “С1” санатын аламын деп үміттенемін”, – деді Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғыны Нұрзат Сарыбай.
Шымкенттегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тек мегаполис тұрғындарына ғана емес, Түркістан облысының тұрғындарына да қызмет көрсетіледі.
“Кезекке тұру үшін мен бүгін таңғы бесте келдім. Менің алдымда 100-ге жуық адам кезекте тұр. Менің жүргізуші куәлігім бар. Бірақ маған "С1" санаты керек. Бүгін үлгеремін бе, білмеймін”,-деді Шымкент қаласының тұрғыны Аян Айдапкелов.
Бүгінде адамдарды тезірек қабылдау үшін бүгін "В" санатына тағы бір көлік қосылды. Қазір олардың үшеуі бар. Сондай-ақ “С1” санатына жеткізу үшін екінші жүк газельін әкелді. Мамандар күніне барынша көп азаматтарды қабылдауға тырысатындарын, бірақ ықылас білдірушілердің тым көп екенін айтады. Бір ай бұрын ғимаратта жөндеу жұмыстары басталғандықтан кезекке электронды тіркелу тоқтатылған.
Достық ХҚКО-да жөндеу жұмыстарына байланысты тек көлік жүргізу тәжірибелеріне жазылу аштық. Сондықтан біз басқа қызметтерді қабылдамаймыз. Эклектронды кезек алу да уақытша жойылды. Тұрғындар қазір өздері келіп, кезекке тұруда”, –деді Шымкент қаласындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Саян Төрегелдиев.
Арнайы ХҚКО-дағы жөндеу жұмыстары қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарлануда. Одан кейін Egov ұялы және телеграм боты арқылы кезекке тапсырыс беруге болады деп уәде берді мамандар.