AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кезекке күнделікті 100 адам жиналады": Қызылорда тұрғындары әлеуметтік дүкенде қанттың жеткіліксіз екеніне шағымданды

Қызылорда да тұрғындар әлеуметтік дүкендердегі қантқа таласып жатыр. Көпшілік күні бойы небәрі 2 келі құмшекер алу үшін кезек күтіп сабыламыз дейді. Өйткені базардағы баға екі есе қымбат. Ал әкімдіктегілер тапшылықты сол дүкеннің иелері қолдан жасап отырғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

дүкен

Қант әкелінген күні әлеуметтік дүкендердің алды иек тірескен адамға толады. Көпшіліктің айтуынша, кезекке тұратындардың саны тіпті 100 адамға дейін жетеді. Бірақ таңнан түске дейін кезегімізді күтсек те, көбіне құр қол қайтамыз деп ашынады қала халқы. 

"Күнде 100 шақты адам жиналады. Таңғы 8-ден 12-1-ге дейін. Кейбіреуіне жетпейді", - деді жергілікті тұрғын Жұмағали Көрпебаев.

Әлеуметтік дүңгіршектерде тұрақтандыру қорынан алынатын қанттың келісі 263 теңгеден сатылып жатыр. Базарлар мен жеке дүкендердердегі қант бағасы 400-500 теңге аралығында. Дүкенлегі қантты алушылар көп болғандықтан, қантты жеткілікті көлемде жеткізсін дейді көпшілік. 

"70 мың пенсия аламын, 7 немерем бар. Жетпейді ғой қант. Бір келі қант не болады? Дүкеннен алсақ, онда қымбат", - деп мәлімдеді тұрғын Дариға Уайлаева. 

Ал сатушылар мұнда қанша көлемде қант әкелсек те бәрібір жетпейді деп отыр. 

"6-7 қап келген күндері мен 2 келіден беремін. Жетсін алсын, алмай жүрген кісілер де бар ғой деп. Өткенде 7 қап қант 1 жарым сағатта тауысылды", - деп түсіндірлі сатушы Бота Нәметова. 

Жауапты корпорация өкілдері қоймада дәл қазір 80 тонна қант бар екенін айтады. Тағы 300 тоннаға жуық қант алдырып жатыр екен. Бұл қаладағы 36 әлеуметтік дүкенді қамтып отыруға толық жеткілікті дейді. Ал тапшылықтың туындауына сол дүкеннің иелерін кінәлайды. 

"Бізге әлеуметтік дүкендер тапсырыс береді. 5-10 қап керек деп. Алып сату деректері болмасын деп тексереміз. Солай ұсталып қалған фактілер болды. Оларға айыппұл салдық", - деп мәлімдеді "Байқоңыр" ӘКК басшысының орынбасары Жеңісбек Ахметов. 

Мемлекет қаражатынан алынған қантты кәсіпкерлер халыққа емес, қымбат бағада жеке дүкендерге өткізіп жүрген көрінеді. Бірақ жауаптылар бұған бақылауды барынша күшейтіп жатқанын айтады. Ал алтын уақытын арзан қант алу үшін кезекте өткізіп жүрген көпшілік әлеуметтік дүкендер санын көбейтпей, мәселе шешілмейді деген пікірде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр