"Кез келген vs Кез-келген": Шын мәнінде қалай?
Кез-келген адам мәдениетті болуы тиіс.
Кез келген адам мәдениетті болуы тиіс.
Осы екі сөйлемнің қайсысының жазылуы дұрыс деп ойлайсыз? Неге?
Егер сіз бірінші нұсқаны таңдасаңыз, онда ары қарай оқыңыз, есте сақтаңыз.
Жазуда жиі жіберетін қателіктердің бірі - дефистің қойылып қойылмауына байланысты. Бүгін талқылайтын сөздердің жазылуы көпшілік арасында дау тудырып жүр. Күрделі сөздердің жазылуында көп адам қателеседі және мұны түсінуге де болады. Дефиссіз жазылатын бірқатар сөздер қатарын оқырмандарымызбен бөліспекпіз. Жазылуын қарап, не себепті олай болатынын ережесімен танысып, ұғып алыңыз.
Әдетте қос сөздер дефис арқылы жазылады. Қос сөз болу үшін берілген екі сөздің екеуі де міндетті түрде бір сөз табынан болуы керек.
Ал кез келген, алдын ала, мекенжай деген сөздердің барлығы қос сөз емес. "Мекенжай" сөзі ғалымдар арасында пікірталас тудырғаны рас. Бірақ 2005 жылы «Арыс» баспасынан шыққан Орфографиялық сөздікте мекенжай сөзін бірге жазылатын сөздердің қатарына жатқызған.
Екінші сыңары аралық, тану, тас, таным, жай, хат, қағаз, ішілік, сымақ деген сияқты қазақ сөздері болып келген тіркестер бірге жазылады делінген. Мысалы: әуежай, саяжай, мекенжай.
Демек, мекенжай қос сөз емес, біріккен сөз.
Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық
Дайындаған: Аққибат АҚЖІГІТОВА
Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
