Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кей аймақта қар жауады: Синоптиктер сәуір айының алғашқы күндеріне болжам жасады

«Казгидромет» РМК 31 наурыз-2 сәуір күндері аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады Синоптиктердің ақпаратына қарағанда, демалыс күндері Қазақстандағы ауа райына Каспийдің оңтүстігінен келетін циклонның ықпалы басым болады. Циклонға байланысты оңтүстік облыстарда жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетеді, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 18-25 метрге жетеді.

Солтүстік және шығыс облыстарда циклонның ығысуына байланысты жауын-шашын болады, көбіне қар жауады. Кей жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы 18-25 м/с-қа артады. Қазақстанның батыс облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан антициклон жылжып келеді. Соған байланысты ауа температурасы жоғарылап, күн жауын-шашынсыз болады.

Тағы оқыңыз:

Жан Ахмадиевтің видеосында жезөкшенің рөлін әйелі сомдаған

Қазақстанда бір отбасындағы әрбір оралманға жәрдемақы төленетін болды

Талқылау