Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кеуіп қалған Талдыкөл қоқыс алаңына айналды: Астаналық тұрғын билікке шағымданды

Желіде құрғаған Талдыкөл көлінің орны қоқыс алаңына айналып бара жатқанына шағымданған тұрғынның жазбасы пайда болды. Бұл мәселеге экологтар да алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Zhaloby.astana Instagram парақшасында тұрғынның шағымы жазылған. 

"Бұл үйден алыс емес жерде, дәлірек айтқанда Талдыкөл көлінің құрғаған аймағы қоқыс алаңына айналған. Ол жақта күн сайын жүк көліктері үйілген құрылыс қоқыстарын төгеді. Соның салдарынан қоқыс аумағы үлкейіп келеді. Енді көлді құрғатып қана қоймай, Талдыкөлді қоқыс полигонына айналдыруда", - делінген шағымда.

Осы жазбадан соң "Астана қаласы бойынша экология департаменті" РМУ хабарламаға жауап берді.

Олардың түсіндірмесінде ведомствоның Кіші Талдыкөл аймағындағы үйінділер мәселесі бойынша бірнеше рет іс-сапарлар болғанын жеткізді.

"Басқарма аудан әкімдігіне стихиялы үйінділерді жоюды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тарту үшін полиция бөліміне хат жолдады", - деп жазады экологтар.

Жұртшылық пен белсенділер су қоймасының тағдыры үшін көптен бері күресіп келе жатқандарын алға тартты.

"Талдыкөлді құтқарыңдар! Экожүйені бұзбау керек”, "Талдыкөл болмаса, өртті әлі сөндіре алмас едіңіздер", “Өздері отырған бұтақты кесу деп осыны айт", – деді пікір білдірушілер.

Талқылау