Пышақ ала жүгірген: Алматыда "Яндекс" такси жүргізушісі жолаушыға шабуыл жасаған

Алматылық әйел өзіне такси жүргізушісінің шабуылдағаны туралы айтты. Яндекс такси жүргізушісінің әрекеті жұртты шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл оқиғаға қатысты жазба Facebook парақшасында кең таралып кетті.  Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, такси жүргізушісі оны баратын жеріне жеткізуден бас тартып, пышақпен қолын тіліп тастаған. 

Бойжеткен оқиғаның үш апта бұрын болғанын, бірақ жүргізушісі әлі ұсталмағанын жазады.

"Мен сіздерге бұл адамның қоғамға қауіпті екенін айтқым келеді. Ол өзінің кінәсін мойындамады және полиция бөліміне шақырту бойынша келмеген. Ол әлі қамауға алынған жоқ. Мен ақымақтықпен оған ақшамды алдын ала беріп қойғанмын. Жүргізуші мені белгіленген жерге дейін апармады. Оған қоса ашуланып, маған қол көтеріп, қолымды тіліп тастады", - дейді ол. 

"Өкінішке орай, қазір қолымнан ештеңе келмей отыр және не істеу керектігін білмеймін. Сол себепті қоғамға қауіпті адамның түрін көрсеткім келеді" - деп жазды Құралай.

Такси қызметтерінің құқығын қорғау басқармасы мән-жайды түсіндірді.

"Қазір жүргізуші жүйесі бұғатталды. Бірақ ол жолаушыны көрсетілген мекенжай бойынша апарып тастағаны нақтыланды. Жолаушының айтуынша ешқандай қару болмаған. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауы керек", - дейді олар. 

Алматы полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр