Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

КешYou тобының жаңа құрамы 2019 жылдың басында таныстырылмақ

Осы уақытқа дейін он шақты рет құрамын ауыстырған КешYou тобында тағы бір өзгеріс орын алмақ. Баян Алагөзова осыдан бірнеше ай бұрын қазіргі құрамға көңілі көншімейтінін айтқан еді. Тіпті, жаңа қыздарды даярлап жатқанын меңзеген-ді. Ал жаңа құрам ел алдына қашан шықпақ?

КешYou тобының жаңа құрамы 2019 жылдың басында таныстырылмақ
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Кешьюде» өнер көрсеткен қыздардың барлығы біздің орталыққа дайын әртіс болып келген жоқ. Тіпті өнер академиясының бірінші курсында оқып, топқа қабылданса да біз үшін олар кәсіби әншілердің санатынан емес. Бірақ басқалардан Дұғалованың орны ерек екенін айта кеткен жөн. Жанар бала кезден музыкамен айналысқан. Сондықтан, онымен жұмыс істеу қолайлы болды”, – дейді Бағым Мұхитденова.

Сонымен, “жаңғақты” арулар тобына 18-20 жас аралығындағы қыздар қабылданған. Қазіргі уақытта вокал мен хореографиядан белсенді түрде дайындалып жатқан қыздар келер жылдың басында елге таныстырылмақ.

“Менің бір білетінім бұл «Кешью» бұрынғыдан өзгерек болады. Оны көпшілік көрген кезде бірден байқайды. Тыңдармандар «Мықты құрам» деп дәл сол қыздарды атайтыны сөзсіз!” – дейді Бағым Мұхитденова.

Балжан, Назым мен Ақботадан тұратын топ Жаңа жылға дейін ел алдында өнер көрсетпек. Ал тыңдармандар алдағы уақытта Балжанның жеке шығармашылығымен таныса алады. Өзге екі арудың тағдырын продюсерлер әзірге құпияда ұстап отыр.

“Балжанның тәжірибесі жеткілікті. Жеке әншілікті қолға алуына толықтай дайын. Ал, қалған қыздардың жоспары жайлы, жаңа құрамды таныстырған күні хабарлаймыз. Әзірге олар «Кешью» тобындағы жұмысын белсенді түрде жалғастырып жатыр”, – дейді Бағым Мұхитденова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 31 Қазан, 2018 09:18
Талқылау