“Кешірім сұраған видеоларынан шынайылықты көрмедім”: Қазақстандық белсенді Chocolife компаниясының директорын жауапқа тартуды талап етті
Белсенді Камилла Еңсегенова Chocofamily кеңсесінің алдына “Қазақстанда орысша сөйлеуге міндетті емеспін” деген плакатпен келіп, компания басшысы Рамиль Мухоряповты жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі arbat.media порталына сілтеме жасап.
Белсенді компания басшысы кешірім сұрап жариялаған видеосынан шынайылықты көрмегенін, сол себептен осындай ереуілге шығып отырғанын түсіндірді.
Ол Мухоряповтың қазақтілділерді мәдениетсіз деп, кейбір қазақстандықтардың орыс тілін жақсы білмегендіктен, оларға қазақша жауап беру оңайырақ деп айтқанына ашу білдірді.
“Chocofamily басшысын ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жауапқа тарту керек. Компанияның да, басшысының да кешірім сұраған видеоларынан шынайылықты көрмедім. Компанияның өзінде мүлде қазақ тіліндегі контент жоқ. Тек мереке күндері мемлекеттік тілде үндеу шығармау керек. Біз бұл жайды бұлай қалдырмай сотқа бере аламыз. Қазақ тіліне толығымен көшу керек, өйткені тұтынушылар мен олардың заңы да бар”, – деді Камилла Еңсегенова.
Компания болса, мұндай жағдайдың барлығының басынан өтіп тұратынын, бәрінің қателесуі мүмкін екенін айтып ақталды.
Еске салсақ, ресейліктермен кездесуде шетелдіктерге қазақ тілінде жауап беру “мәдениеттің көрінісі емес” екенін айтқан Chocolife компаниясының директоры Рамиль Мухоряпов қазақстандықтардан кешірім сұраған болтын.