Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кеше плюс 20, бүгін қар: Алматылықтарға аяз болатыны ескертілді

Алматыда қазірдің өзінде бірнеше сағаттан бері қар жауып тұр. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде ауа райының күрт өзгеруіне таңданып фотосуреттермен бөлісуде. Кеше оңтүстік астанада термометрлер Цельсий бойынша 20 градусты көрсетті.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, республиканың солтүстік жартысында жаңбырдың қарға ауысуына және ауа температурасының төмендеуіне себеп болған суық антициклон Скандинавия түбегінің аймақтарынан келді.

«Алматыда 21-23 сәуірде түнде 3 градусқа дейін үсік болады», - деп хабарлады Қазгидромет.

13 сәуірде Алматыда жылыту маусымы аяқталды. Алайда «Алматы жылу желілері» ЖШС Алматыда күтілетін суық тұрғын үйлердегі температуралық режимге әсер етпейді деп хабарлады.

Мөлдір Төлебай
Сәрсенбі, 21 Сәуір, 2021 17:17
Талқылау