"Кешбэк арқылы инвестиция жасау": Freedom Bank кешбэктері қалай жұмыс істейді?
Фото: Freedom Bank
Freedom Bank – кешбэкті жай ғана ақша емес, заңды бағалы қағаз ретінде ұсынған Қазақстандағы алғашқы банк. Олардың "Freedom инвестициялық валютасы" азаматтарға инвестиция әлеміне қауіпсіз қадам жасауға мүмкіндік береді. Stan.kz ақпарат агенттігі Freedom Bank кешбэктерін неге құнды қағазбен есептейтінін, оның қандай пайдасы бар екенін және бұл кешбэкті не себепті декларациялау керек екенін қарапайым тілде түсіндіріп береді.
Freedom Bank клиенттеріне кешбэктерді қалай береді?
Freedom Bank клиенттері карта немесе банк қосымшасы арқылы күнделікті сауда-саттық, төлем жасаса, ақша аударса, кешбэк алады. Бастапқыда бұл кешбэк теңгемен есептеледі. Бірақ оны пайдалану үшін клиент Freedom SuperApp қосымшасындағы арнайы батырманы бір рет басып, "Freedom инвестициялық валютасын" іске қосуы қажет. Валютаны қоспаса, кешбэк "күту режимінде" тұрады — яғни, жиналады, бірақ жұмсауға болмайды.
Freedom инвестициялық валютаны іске қосқаннан кейін, банк теңгемен беретін кешбэк сомасына тең келетін ETN (биржалық нота), яғни құнды қағаз сатып алады. Сатып алған ETN Freedom SuperApp қосымшасында "Freedom инвестициялық валютасы" ретінде көрсетіліп тұрады.
Freedom инвестициялық валютасы – Астана халықаралық қаржы орталығына тіркелген ETN биржалық нотасы. Оның бағасы Freedom Holding Corp. акцияның құнына қарай өзгереді және Астана халықаралық биржасында саудаланады.
Фото: Freedom Bank
"Банк клиенттерімен өз пайдасының бөлігімен бөліседі, өйткені біз клиенттеріміздің бойына жаңа әдеттерді сіңіргіміз келеді. Біз олардың ақшаны көбірек жинап, үнемдегендерін, сонымен қатар, кредит алу мен бөліп төлеуді барынша азырақ қолданғандарын қалаймыз. Бұлай ешкім ешқашан жасамаған және ешқашан жасамайтын шығар", – деді Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.
Бұл неге кәдімгі теңгемен берілетін кешбэктен тиімдірек?
Бағалы қағазға айналған кешбэк жоғары пайыз бойынша есептеледі. Freedom Bank кешбэк ретінде беретін ETN бағалы қағаздарының құны Freedom Holding Corp. компаниясының акциясына байланысты өзгеріп отырады. Яғни акция бағасы көтерілсе, кешбэк те көбейеді. Мысалы, бағдарлама алғаш басталғанда бір ETN құны шамамен 3 теңге болған. Ал 2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша — 7,4 теңге. Яғни кешбэк жинап жүрген клиенттердің пайдасы екі есеге артқан. Осылай, банк азаматтарға қосымша табыс табуға, бағалы қағаздар арқылы инвестиция жасауды үйренуге, қаржы сауатын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Freedom Bank клиенттері бағалы қағазды (ETN) кез келген уақытта қайтадан теңгеге, басқа валюталарға айырбастай алады, кері қайтара алады.
"Біздің өнімдеріміз бойынша барлық тексерулерді біз қалыпты түрде қабылдаймыз, бұл біздің барлық процестеріміз бен тәсілдерімізді, нормативтік құжаттарды белгілі түрде бір қосымша тексеру. Тексерулердің бір жақсы жағы – барлық алыпсатарлық пікірлерді әрқашанда жабады", – Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.
Freedom инвестициялық валютасын неге декларациялау керек?
Freedom инвестициялық валютасы — бұл жай ғана бонус немесе кешбэк емес, заңды бағалы қағаз. Ол ресми түрде Астана халықаралық биржасында (AIX) тіркелген, сондықтан Қазақстан заңы бойынша, оны декларациялау қажет. Клиенттің атына тіркелген ETN болса, яғни Freedom Bank-тағы кешбэгі бағалы қағаз түрінде есептелсе, бұл активті 2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейін бір рет декларация түрінде көрсетуі қажет. Бірақ ол үшін арнайы кеңсеге барып әуреленудің қажеті жоқ. Мұны 15 қыркүйекке дейін Freedom SuperApp қосымшасы арқылы жасауға болады. Онда бірнеше батырманы басып, дайын декларацияны толтырса, жүйе кірісті өзі есептейді.
"Біз декларацияны тапсыру қиын емес екендігінің мысалы боламыз. Болашақта, егер жалпы декларациялау процесі басталса, біздің миллиондаған азаматтарымыз мұның қалай жұмыс істейтінін білетін болады. Біз қазір Freedom SuperApp-та релизді дайындап жатырмыз, бұл сервис тамыз айында іске қосылып, оны қолдануға болады. Қазір сервис тестілеудің белсенді кезеңіне өтіп, жақын арада дайындап, бөлісетін боламыз. Релизді қажетті нұсқаулықтармен, түсіндірмелермен, білім базасымен дайындаймыз, біздің 24/7 режимінде жұмыс істейтін қолдау қызметіміз клиенттермен байланыста болады", – деп атап өтті Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.
Freedom Bank клиентінде ETN активі болса, 270.00 формасын тапсыруы қажет.
Маңызды: ҚР жаңа Салық кодексінің жобасы қазіргі уақытта бекітіліп жатыр. Ол күшіне енгеннен кейін кейбір азаматтар үшін ETN-нің декларациялау тәртібін жеңілдететін өзгерістер болуы мүмкін. Freedom Bank бұл туралы уақтылы хабарлайды.
Freedom инвестициялық валютасы үшін салық төлеу керек пе?
Freedom Bank-тың бағалы қағазға айналған кешбэгі үшін салық төлеудің қажеті жоқ. Себебі ETN Астана халықаралық қаржы орталығына тіркелген, Астана халықаралық биржасының тізіміне енген құнды қағаз болып саналады. Қазақстан заңы бойынша мұндай қағаздан түскен табысқа салық салынбайды. Freedom Bank клиенті кешбэк арқылы табыс тапқан жағдайда да салық төлемейді — тек декларацияда көрсетсе жетеді.
"Freedom Bank — бұл Freedom экожүйесінің бір бөлігі ғана. Оған қоса Freedom құрамына брокерлік қызмет, инвестициялық компаниялар, сақтандыру және цифрлық сервистерді қамтитын кең ауқымды қаржы құрылымдары да кіреді. Сондықтан клиенттерге кешбэкті жай ғана ақша ретінде емес, құны өсуі мүмкін бағалы қағаз түрінде қайтару сияқты ерекше мүмкіндікті, инвестициямен танысудың оңай жолын ұсынып отырмыз. Бұл кешбэк заң аясында іске асады. ETN – АХҚО-да тіркелген, AIX биржасында ресми танылған бағалы қағаз. Яғни клиент алған инвестициялық валюта — нақты құны бар қаржы құралы", – дейді Freedom Bank.
Freedom инвестициялық валютасында кім кешбэк ала алмайды?
Freedom Bank барлық клиентке кешбэкті инвестициялық валюта, яғни құнды қағаз ретінде бере бермейді. Мысалы, мемлекеттік қызметкерлер мен кәмелет жасына толмаған балалар (Power Card иелері) кешбэкті кәдімгі теңге ретінде алады. Қолданушы Freedom SuperApp қосымшасына тіркелгенде мемлекеттік қызметкер екені анықталса, кешбэк автомат түрде тек теңгемен есептеледі.
Ал басқа клиенттер кешбэкті инвестициялық валютамен алғысы келмесе, қосымша арқылы оны өшіре алады. Ол үшін қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Freedom валютасы" батырмасын басып, "Валютаны жабу" дегенді таңдаса болғаны. Осыдан кейін кешбэк тек теңге түрінде түседі.
Freedom Bank арқылы 37%-ға дейін кешбэк алуға болады
Айта кетері, Freedom Bank өзінің бейілділік бағдарламасы бойынша, клиент қаншалық белсенді болса, соншалық көбірек кешбэк ұсынады. Бұл бағдарламада 4%-ға дейін кешбэк қайтаратын төрт деңгей бар: Standard, Silver, Gold, Platinum.
Клиент Freedom Bank картасы арқылы қаншалық көп төлем жасаса және ай сайынғы шотындағы орташа қалдығы қаншалық жоғары болса, соғұрлым кешбэк те көбірек есептеледі. Мысалы, Gold деңгейіне жету үшін бір айда Freedom Bank-тегі барлық шотында орташа қалдық 300 001 теңгеден бастап 1 миллион теңгеге дейін болуы керек. Ал осы деңгейді ұстап тұру үшін келесі айда да шоттағы орташа қалдық осы соммадан төмен болмауға тиіс.
Сонымен қатар Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay арқылы контактісіз төлем жасағандар тағы 2% кешбэк алады. Ал ай сайын Freedom Bank картасы арқылы кем дегенде 50 000 теңгеге сауда жасаған адамға тағы +1% кешбэк беріледі.
Freedom экожүйесіне кірмейтін дүкендер мен қызметтерден жасалған сауда-саттық үшін ең көп дегенде 7% кешбэк алуға мүмкіндік бар. Ал Freedom-ның өз экожүйесіне кіретін сервистер — мысалы, Freedom Insurance, Freedom Life, Freedom Travel, Naimi.kz, Arbuz.kz сияқты платформаларда төлем жасалса, кешбэк көлемі 30%-ға дейін жетуі мүмкін. Осылай, клиент жалпы 37%-ға дейін кешбэк ала алады.
"Freedom Bank кешбэктері ұзақ уақытқа созылады. Біз қазір кешбэк бағдарламасының аяқталу жағдайын мүлдем қарастырмаймыз, керісінше, оны дамытып, өзгертетін боламыз", – Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.
Кешбэкті қалай пайдалануға болады?
Freedom инвестициялық валютасындағы кешбэк қарапайым ақша ретінде де қолданылады. Клиенттер оны қолма-қол ақша етіп ала алады, дүкендерде тауар ақысын төлей алады немесе онлайн төлем жасау, POS-терминалдар арқылы төлеу үшін пайдалана алады. Одан бөлек, Freedom-ның басқа клиенттеріне аудара алады, Freedom SuperApp ішіндегі, Freedom экожүйесінің қызметтеріне жұмсай алады, Freedom Holding Corp. (FRHC) акциясын құны өскенде пайда көру үшін бағалы қағаз ретінде шотта қалдыруға болады.
Тағы не үшін кешбэк алуға болады?
Freedom Bank-тың клиенттеріне достарын шақырып, қосымша кешбэк алуға мүмкіндік беретін бағдарламасы да бар. Оның шарты оңай:
- Клиент Freedom SuperApp арқылы досына сілтеме жібереді. Досы тіркеліп, "Freedom инвестициялық валютасын" іске қосып, алғашқы төлем жасайды. Сол кезде досына да, клиентке де 1 000 теңгеден кешбэк беріледі.
- Егер сол досы үш ай ішінде кемінде 50 000 теңге жұмсаса, әрқайсысына тағы 1 500 теңге кешбэк беріледі.
- Досы да өз достарын шақыра алады. Осылай, оның шақырған бес дос үшін алғашқы шақырған адам 100 теңгеден, яғни жалпы 500 теңге кешбэк алады. Сөйтіп бір дос арқылы 3 000 теңгеге дейін кешбэк жинауға болады.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
