Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кеш болмай тұрып, ойланыңдар!". Беларусьтің танымал тележүргізушісі әскерилерге жолдау жасады

"Беларуссия 1" телеарнасынның «Арсенал» әскери бағдарламасының жүргізушісі Владимир Бурко жұмыстан өз еркімен кеткенін айтып, қауіпсіздік күштеріне видеожолдау жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Владимир Бурко өзінің Инстаграмдағы парақшасында хабарлаған. Ол бес жыл бойы Беларусь теледидарында басты әскери бағдарламаны жүргізген. Ол елдегі наразылықтар аясында жұмыстан шығып, әскерилерге "ойланыңдар" деп биліктің бұйрықтарын орындамауға шақырды.

"Өзім кеттім. Қиындықтар болды. Бірақ кеттім. Бес жыл бойы мен біздің армиямыз -  ең батыл және күшті, техникамыз — ең заманауи, ал бүкіл жоғары офицерлер құрамы — үлгілі екенін айтып келдім.


Минскіде бас көтергендердің денесін жарылғыш заттар жұлып кетті (фото) 


Мен ешқашан, тіпті ең қорқынышты ойларымд да мен айтқан сарбаздар мен техниканы өз халқыма, бейбіт тұрғындарға, әйелдерге және (құдай сақтасын) балаларға қарсы қолдануға болады деп елестете алмас едім", - деді ол жолдауында.

Видеосында тележүргізуші сарбаздар мен офицерлерге жолдау жасады. 

"Мен білемін, сендер бұйрық күтесіңдер және бұл бұйрықтың қандай болатынын жақсы түсінесіңдер. Әділеттілікті қалаған белорустар үшін қандай салдары болатынын білесіңдер, олар тек өз ойын тыңдатқысы келді және олар сендерден оқ алуы мүмкін", - деді ол.

Айта кетейік, Беларусьте 9 тамыздан бері президенттік сайлау нәтижелеріне қарсы наразылықтар жалғасуда, онда елдің ОСК алдын-ала мәліметтері бойынша қазіргі президент Александр Лукашенко жеңіске жетті. Наразылық білдірушілер дауыстарды қайта санауды талап етіп, көшедегі стихиялық акцияларға шықты. 

 

Талқылау