Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал еш жерде айтпаған құпиясымен бөлісті

Кентал бұл жолы ешкімге тіс жармаған құпиясымен бөлісіп, бір кездері  “Хочу к Меладзе” жобасының кастингіне қатысқанын айтты. Әрі өзі ән арнаған сүйіктілерімен қош айтысатынын да жасырмады.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Эстрадамыздың жарық жұлдызы Кенталдың барлық дерлік туындылары махаббат тақырыбына арналған. Әрбір жаңа туындысын нәзік жандыларға тарту етуден шаршамайды. Әншінің өзі де әйел атаулысынан артық жаратылыстың жоқ екенін айтады. Мұны “Перизат”, “Есіңде ме”, “Махаббат түні”, “Мен сені сүйемін”, “Назгүл” сынды өлеңдерінен-ақ байқауға болады.

Елімізге танымал әнші, актер, музыкашы, композитор “Private с Даной Рыскельдиновой” бағдарламасында қонақта болып, аталған кастингтен неге өте алмағанын айтып берді. Мұнымен қатар, жүргізушінің “Барлық қызыңа ән арнайсың ба?” деген сұрағына “Әр қызыма ән арнаймын деп айта алмаймын. Ішінде ерекше жандар болады. Бір қызығы, мен ән арнаған қыздарыммен міндетті түрде айырылысамын” деп жауап берді.

апек

Бұдан өзге әнші еш жерде ашпаған құпиясымен бөлісті. Жол апатынан жарақат алып, ауруханада жатқанына қарамастан, “Хочу к Меладзе” жобасының Алматы қаласында өткен кастингіне қатысқан. Бұл туралы “Мен осы сайысқа қатыстым. Қатысқан кезде алты дауыстың төртеуін жинадым. Менің мүмкіндігім деп ойлап, жіберіп алмауға тырыстым” деп үсті-басының көгеріп, сүйектерінің сынғанына қарамастан келгенінің себебін түсіндірді.

Әншіге продюсер Меладзе “Саған дейін әнді ешкім бұлай орындаған жоқ. Сенен кейін де бұлай ешкімнің орындай алмайтынына көзім жетеді” деп оң бағасын берген.

Әншінің өзі сайыстан ары қарай өтпеуінің себебін қартайғандығымен, сырт келбетінің сай келмегенімен түсіндірді.

новый коллаж

“Ал неге әріптесіңіз Анатолий Цой секілді таныла алмадыңыз?” деген сұраққа “Мен ол үшін өте қуаныштымын. Біз бұл жолда ұзақ жүріп келеміз. Мен оның арманының жүзеге асқанына қуаныштымын. Аталған тақырыпта көп сөйлестік. Ол танымал болғысы келетінін жиі айтатын… Меніңше, Анатолий секілді танымал әртіс жоқ” деп ер азаматтар арасында қызғаныштың болмайтынын тілге тиек етті.

Еліміздегі жобаларда бәсеке болмайтынын, барлық әртістің бір-біріне аға-іні деп қарайтынын да жасырмады.

рпн

Талғат Кенжебұлатов пен Анатолий Цой бір кездері “Х-Factor” жобасына қатасып, екеуі дуэт құрған.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Кенталды Қырғызстандағы тыңдарманы қызғанып жатқандығы туралы жазған болатынбыз.

Талқылау