Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кеңірдегін кесіп жіберген: Түркістан облысында зейнеткер демікпесі бар ұлына көмектесемін деп абайсызда өлтіріп алған

Түркістан облысында 38 жастағы ұлын өлтірген 71 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Оқиға Арыс қаласында осы жылдың маусым айында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жетісайда құрдасын пышақтаған оқушы қамауға алынды

Ер адам сот отырысында ұлына көмектесу үшін кеңірдегін кескенін айтқан. Сөзінше, 38 жастағы Юрий Стаматов тыныс ала алмай жатқан. Алайда қолындағы пышағы өтпей, өзі қолданатын шаппамен тамағын одан әрі кесіп жіберген. 

Нәтижесінде ер адам ажал құшып, 71 жастағы әкесі жазасы барынша жеңілдетілген мекемеге 1,5 жылға тоғытылды. Сот барысында жәбірленуші деп танылған сотталушының қызы оны кешіргенін айтып, тараптар татуласқан.

“Геннадий Викторович Стаматов ҚК-нің 104-бабы бірінші бөлігімен көзделген қылмысты жасағанына кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Г.В.Стаматовқа тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу тағайындалсын. Жазасын өтеу мерзімі 2023 жылғы 17 маусымнан бастап есептелсін”, – делінген хабарламада.

Талқылау