Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек екі жыл төсектес болған қайын інісін қатты сағынып жүргенін айтты

Қазақстандық келіншек қайын інісімен екі жылдан бері төсектес болып жүргенін айтты. Ақыры қызғанышқа шыдамай қайын інісінің келіншегіне арадағы қарым-қатынастары туралы айтып берген екен. Осыдан кейін қайын інісі ашуға бой алдырып, келіншекпен қарым-қатынасын үзген. Артынша араға 6 ай салып, қайта кешірім сұраған. Келіншек оның бетін қайтарғанымен, қатты сағынып жүргенін айтады.

LjubovnikiFestival-20347

Бұл туралы «Әйел құпиясы» парақшасында жазылды.

«Қазір тұрмыстамын, 5 балам бар. Ағайын қайным мені осы күнге дейін жақсы көріп келген екен. Мен күйеуімнен 9 жас кішімін. Бесінші баламды дүниеге әкелгенге дейін қайын інімнің маған ғашық екенін білмедім. Бір күні қайным күйеуім жұмыста болған кезде үйге келді. Шай-тамақ ішіп болған соң қақпаны бекітуге шыққан болатынмын. Қайын інім қатты құшақтап алып, маған ғашық екенін айтты. Артынша кешірім сұрап, барлығын түсіндірді. «Көп жылдан бері үйіңе жиі келемін. Ал сен менің саған ғашық екенімді сезбейсің» деді. Мен «Не айтып тұрсың?» деп қатты итеріп жібердім.

Ол тоқтамай ішіндегі бар сырын ақтарды. Оның да бес баласы бар. Өзі менен 5 жас үлкен. Сол күні қатты ұрысып, қуып жібердім. Кетерінде «Сені ұмыта алмаймын» деп айтты. Қазір кейде қоңырау шалып, қалымды сұрайды. Бұл туралы күйеуіме айттым. Бірақ, ол мән бермеді. Мені әзілдем отыр деп ойлады. Уақыт өте келе мен де қайын інімді ұнатып қалдым. Неге екенін өзім де түсінбеймін. Бірақ, мен олсыз өмір сүре алмайтын сияқтымын. Төсектес болып, екі жылдан бері жасырын кездесіп жүрміз. Қызғанышқа бой алдырып, арамыздағы сезім туралы келінге айттым. Ол тұтқаны қоя салды.

Артынша қайным маған қоңырау шалып, аузына келгенін айтып боқтады. «Енді хабарласпа» деп ұрысып тастады. Мен зар еңіреп қала бердім. Араға алты ай салып, қайын інім менен кешірім сұрады. «Сені ұмыта алмайды екенмін» деп ақталды. Бірақ, мен одан көңіліп суып қалғанын айтып, бетін қайтардым. Тағы да әйеліне айтамын деп қорқыттым. Бірақ, оны қатты сағындым. Бір шетінен қатты ренжулімін. «Күйеуің қайда қалды?» деп сұрап жатқан шығарсыздар?! Ол мені кезінде алып қашып келген. Әлі күнге дейін жақсы көре алмадым», – дейді Нұрайым Сұлтанова (есімі өзгертілді).

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келін екі рет тұрмыста болып, жүктілігін жасырған абысыны туралы айтты

Бойжеткен шақырусыз келетін қонақтан мезі болғанын айтып жылады

Түсік тастаған әйел: Дәрігерлердің баламды пакетке салып бергені жаныма батты

Келіншек ай сайын ақша сұрайтын төркінінен қалай құтыларын білмей жүр

Талқылау