Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келініміз емес қызымыздай көреміз": Сәкен Майғазиевтің әйелі су жаңа келініне арнап жазба жариялады

Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара келініне арнап жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Динара Майғазиеваның сөзінше, келінін қызындай қабылдайтын көрінеді. 

“Кеше біздің отбасымыз үшін ерекше күн болды. Әдия қызымызға аналық ақ батамен сырға салып, өз қызымыздай қабылдадық. Маңғаз Маңғыстаудың ыстық ықыласы мен ақ ниеті үшін алғысымыз шексіз! Отың мәңгі сөнбесін! Құдалық, сырға салу, қазақы жөн-жоралғы – екі отбасыны жақындастыратын ізгі дәстүр. Енді, Алла қаласа, үлкен тойға да дайындалып жатырмыз. Қос балапанымызға бақыттың базарын, уақыттың ғажабын тілейміз!”, – деп жазды Динара.



Желі қолданушылары “келінді қызымдай көремін” деген сөзін қызу талқылап жатыр. 

“Келініңіз өзіңізден аумайды”, “Келін ешқашан қыздай болмайды”, “Жастар бақытты болсын”, “Келін ененің топырағынан дегендей өздерінен аумайды”, “Жылы жүзді қыз екен”, “Келіннің аяғы құтты болсын”, – деп жазды көпшілік.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 10 Маусым, 2025 12:48
Талқылау