Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келесі белес – Лас-Вегас": Анара Батырхан әлемдік TikTok Live Fest конкурсында бірінші орынды иеленді

Анара Батырхан TikTok Live Fest конкурсында TOP-1 алдыФото: https://www.instagram.com/anarabatyrkhan?

Танымал блогер, әнші әрі актриса Анара Батырхан TikTok стримерлерге арналған жыл сайынғы LIVE Fest фестивалінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жағымды жаңалықты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Достар! 
Анар қыздарыңыз әлемдік TikTok Live Fest конкурсында TOP-1 алды. Бұл – жай ғана жеңіс емес, үлкен еңбектің, қолдаудың нәтижесі. Марапаттау Тайландта өтті. Ал келесі белес – Лас-Вегас. Армандар орындалады, егер сенсең және тоқтамасаң”, – деп жазды ол.

TikTok LIVE Fest – авторлар мен олардың қауымдастықтарын әлемнің түкпір-түкпірінен біріктіретін жыл сайынғы жаһандық іс-шара. Мұнда басты назар алгоритмдерге емес, тірі адамдарға аударылады. Әлемнің әр елінен авторлар тікелей эфирге шығып, сценарийсіз, монтажсыз әрі “дұрыс” репликаларсыз өз айналасына шынайы комьюнити жинайды.

TikTok өкілдерінің айтуынша, сандардың, тікелей эфирлер мен рейтингтердің артында нақты тағдырлар тұр: шығармашылыққа қайта оралған музыканттар, өз аудиториясын тапқан геймерлер және LIVE форматы арқылы өз үнін естіртіп, қабылдануға мүмкіндік алған қазақстандық креаторлар.

TikTok LIVE Fest 2025 – тікелей эфир форматында жұмыс істейтін TikTok-креаторлар үшін жылдың ең маңызды оқиғасы. Бұл – онлайн жарыстар мен офлайн кездесулерден тұратын тұтас экожүйе. Мұнда әртүрлі елдердің авторлары челлендждерге қатысып, өз қауымдастықтарымен тығыз байланыс орнатады және өз өңірінен тыс жерлерде танылуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, бұған дейін Анара Батырхан қоғамның қысымына жиі ұшырайтынын жасырмағаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Жұма, 16 Қаңтар, 2026 22:45