Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кел, татуласайық": 14 жастағы Қызғалдақты топ болып зорлағандардың ісі сотқа жіберілді

Қызғалдақ есімді бойжеткен 4 жыл бұрын өзін зорлағандарды жазаға тартқысы келеді. Өзін 14 жасында топ болып зорлағандар тиісті жазасын алсын деген ниетпен отандық бағдарламаға көмек сұрап келді. Арна қызметкерлері оның өтінішін ескеріп, әділет орнату мақсатын да жұмыс істеп жатқанын айтты.

Алматы облысында 14 жастағы қызды зорлап жүкті еткен жігіт отбасылы азамат болып шықты

"Арна мен бағдарламаның ұстанымы - зорлыққа кешірім жоқ. Зорлаушылар жазадан қашып құтыла алмайтынын білу керек. Зорлықтың құрбаны - әрдайым құрбан болып саналады. Оның кінәсі болмайды. 

Қызғалдақтың жағдайында біз тек бір ғана мақсатта жұмыс істеп жатырмыз. Әділеттің орнағанын қалаймыз. Оны бағдарлама жүргізушісі де әрдайым айтып отырады. Бағдарламаны көріп отырған адамдарға бұл айдан анық. 

Ал үзінділерге қарап, цитаталардың тікелей аудармасына қарап, қорытынды шығаруға болмайды. 

«Кел, татуласайық!» ток-шоуы мүмкіндігінше адамдарды татуласуға шақырады. Бұл әлеуметтік бағдарлама. Біз адамның бәрі татуластыра алмайтынымызды білеміз. Сондықтан "татуласуды" процесс ретінде қараймыз. Татулық қазақта әділеттікке негізделеді", - деп жазды арна басшылығы желідегі парақшасында

Бұған дейін атауы татулыққа шақыратын бағдарлама зорлаушы мен жәбірленушіні татуластырмақ деген сынға қалды. Заңгерлер мен "Немолчи" қорының белсенділері бағдарлама басшылығын жауапқа тартуды сұрады

"Салт-дәстүрімізге сүйенсек, әр жағдайды жан-жақты тексере келе татулатыру керек пе, жоқ па деп ойланған. Бұл бағдарламада да барлық кейіпкерлерді татуластыру мүмкін емес. 

Бұл Қызғалдақтың ісінде айқын көрініп тұр. Қызғалдақ бағдарламаға көмек сұрап келді. 

14 жасында оны зарлап кеткен, іс екі жақтың келісімге келуі себепті жабылып қалған. Қызғалдақ баласына әкесінің тегін беріп, алимент өндіргісі келді. 

Бұған дейін Қызғалдақ та, жүргізуші де, шығармашылық топ та кешірім туралы айтқан да, ойлаған да емес. 31 арна Қызғалдақтың кінәлілерді жазалау туралы ойын құптап келді. Ол үшін заңгер жалдап қойдық", - делінген жазбада. 

STAN.KZ
Жұма, 11 Қыркүйек, 2020 17:41
Талқылау