Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кедейлікте өмір сүрдік": Танымал модель 22 жылдан соң балалық шағында шетелдіктер асырап алған сіңлісімен қауышты

Ресейлік супермодель Наталья Водянова 22 жылдан соң америкалықтар асырап алған сіңілісі табылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы АҚШ-тың Vogue журналының желтоқсан айындағы нөмірінде жарияланған. 

Натальяның сіңлісінің атын биологиялық анасы Маша деп атаған. Кейін 2000 жылы Солтүстік Каролинадан келген ерлі-зайыптылар оны асырап алып, Дженнифер Бернс деген есім берген.

Натальяның анасы үш қызын жалғыз асыраған. Олардың бірі аутизммен ауырған. Балалық шақтары жоқшылықта өткен кезеңде Натальяның жасы 18-ге келгенде сіңлісі анасынан өзін өзге отбасына тапсыруын өтінген екен. 

“Анамыздың некелері сәтсіз болып, бізді жалғыз асырады. 20 метрлік бөлмеде төртеуміз тұрдық. Ештеңеміз болмаған кедейлікте өмір сүрдік. Анам ұзақ уақыт бойы ауыр жұмыстар істеді”,- деді Наталья.

Топ-модельдің айтуынша, кейінірек ол Машаны табуға тырысқан. Тіпті жеке детектив көмегіне де жүгінген екен. Алайда оның асырап алған ата-анасы туралы ақпарат жасырын болғандықтан іздеу сәтсіз аяқталған.



Дегенмен, шетелдіктер асырап алған Маша туыстарын ДНҚ арқылы іздейтін сайтқа тіркеліп, Водяноваға хабарласқан.

Наталья Водянова Нижний Новгород қаласында дүниеге келген. Ол бала кезінде анасына көмектесіп, отбасын асырау үшін базарда сауда жасаған, сонымен қатар ерекше әпкесі Оксанаға күтім жасағанын айтқан болатын.

“Мен кедейліктің не екенін білемін. Одан өзіңді немесе отбасыңды алып шығу қиын", - деді модель.

Талқылау