Кедей балықшы сирек кездесетін балық аулап, миллионер атанды
Пәкістанда кедей балықшы сирек кездесетін балық аулаған соң байып шыға келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ProPakistani басылымына сілтеме жасап.
Ер адамның сөзінше, Гвадар аймағындағы Арабия теңізінің жағалауында балық аулап жүрген. Ауды судан алып шыққанда жергілікті тұрғындар сува деп атайтын балықты ұстағанын көрген. Бұл балық Оман шығанағында мекен етеді, алайда сирек кездескендіктен қымбат екен. Балықтың салма,ы 48,5 келіге тең.
Балықшы жағалауға оралғанда жанында бір топ адам жиналғанын айтады. Ал өзі кедейліктен құтылатынына қуанған. Кейін балықты аукционға шығарып, 10 миллион пәкістандық рупийге (21,64 миллион теңге) сатқан.
Бұған дейін Үндістанның Андхра-Прадеш шатының тұрғындары да сирек кездесетін балық аулаған. Балықшылар Азия елдерінде жоғары бағаланатын ала құныс балығын ұстаған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн