Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Kaztour Түркияға шарттары тиімді әрі жаңа тур маусымын бастады

2025 жылғы маусымда қазақстандықтардың сүйікті бағыты Түркия тағы да көш басында. Kaztour туристік агенттігі саяхатшыларға, әсіресе бала-шағасымен демалатын отбасыларға қолайлы әрі қолжетімді шарттарды ұсынды. 

Не өзгерді?

Kaztour туристік агенттігі тур брондауды ыңғайлы әрі икемді ететін жаңа төлем шарттарын жариялады:

  • Алдын ала төлем – турды брондағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оның ақысының небәрі 20%-ын төлеуге болады (Maxx Royal және Voyage қонақүйлерінен басқа);

  • Қалған соманы – турдың басталуына 21 күн қалғанда төлеуге болады. 

"Бұл – отбасылық бюджетке ауыр салмақ салмай, саяхатты алдын ала жоспарлаудың тамаша мүмкіндігі. Біз клиенттерге барынша ыңғайлы төлем шарттарымен жайлы демалыс ұсынуға тырысамыз", – дейді Kaztour компаниясы.

Балаларға арналған тегін демалыс

Отбасылар үшін тағы бір тиімді ұсыныс: 12 жасқа дейінгі балалар Түркиядағы 36 қонақүйде тегін тұра алады! Бұл тізімге Limak Hotels, Cornelia Azure, Concorde De Luxe Resort секілді танымал қонақүйлер кіреді. Қонақүйлердің толық тізімі мына жерде қолжетімді. Бұл акция маусымның соңына дейінгі сапарларға жарамды және отбасылық демалысты әлдеқайда үнемді әрі тиімді етеді.

 

Turkish Airlines пен AirAstana-ның чартер рейстерінде бизнес-класқа тиімді бағада апгрейд

Демалысқа жайлы орында ұшып барып келгісі келетіндер үшін Kaztour арнайы ұтымды баға ұсынады: туристер бизнес-классқа небәрі 75 еуродан бастап ауыса алады. Демек, демалыс артық шығынсыз-ақ, жоғары деңгейдегі қызметпен басталады.

Түркия – тек "all inclusive" емес

Биылғы маусымда туристерді жайлы демалыс қана емес, қызық концерт бағдарламалары күтеді. Қонақүйлерде кешкі шоу, әртістердің қойылымдары, отбасылық ойын-сауықтар ұйымдастырылады. Мысалы, Валерий Меладзенің, Леонид Агутиннің және басқа да танымал әртістердің концерттері өтеді. Бұл демалыс қана емес, шынайы эмоция!

Түркияға турды Kaztour арқылы қалай және қайдан брондауға болады?

  •  2025 жылғы 31 қазанға дейінгі маусымдық турларды қазірдің өзінде брондауға болады. 
  • Kaztour-дың ресми сайтынан немесе мобильді қолданбасынан турды онлайн таңдаңыз.

  • Немесе сізге жақын жердегі Kaztour кеңсесіне келіп, тәжірибелі менеджерлерден кеңес алыңыз.

Жеңілдіктер бар кезде ең жақсы турларды таңдап үлгеріңіз. Түркия сізді күтеді! 
Толық ақпарат алу үшін Call-орталыққа хабарласыңыз: +7 700 095 60 06.

*Акция мерзімі шектеулі.

Наргиза Аршидин
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 12:44
Талқылау