Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kaztour туристік агенттігі қазақстандық үш отбасыға теңізге саяхат сыйлайды

Kaztour туристік агенттігі "Теңіз туралы арман" атты ерекше жобаны іске қосты. Сол арқылы агенттік теңізді көруді армандайтын жандардың қалауын шындыққа айналдырмақ!  

Бұл саяхатқа бұрын ешқашан теңізде болмаған, балалары бар үш отбасы бара алады. Олардың қатарында көпбалалы, жалғызбасты немесе бұрын мұндай сапарға шығуға мүмкіндігі болмаған қарапайым қазақ отбасы кіруі мүмкін. 

Байқауға қалай қатысуға болады? 

  1. Отбасыңызды таныстыратын қысқаша видео (2 минутқа дейін) түсіріңіз:

Өзіңіз туралы, отбасылық дәстүрлеріңіз, немен айналысатыныңыз, неге теңізді армандайтыныңыз және бұл сіз үшін нені білдіретіні туралы айтып беріңіз.

  1. Видеоны Instagram парақшаңызға Kaztour-ды белгілеп жүктеңіз және видеоны Kaztour-дың директіне жіберіңіз (аккаунтыңыз ашық болуы қажет).

Осы шарттарды орындаған барлық қатысушылар жобаға қосылады. Қатысу мерзімі — 31 шілдеге дейін. 

Жеңімпаз отбасы шетелге теңіздегі ең керемет демалысқа аттанады!

Толық ақпарат: kaztour.kz сайтында.

Жобаның серіктестері: Туроператор FUN&SUN Kazakhstan. FUN&SUN Family Sultan Gardens Sharm El Sheikh 5*, Отель Reef Oasis Blu Bay Sharm El Sheikh 5*, Novotel Phuket Resort 5*, Vicco.kz, Queenbee, Global Nomads қонақүйлері.

Жарнама құқығында

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 09:30
Талқылау