Қажымұқанның жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды (видео)
Бұл жекпе-жек 1911 жылы Харбин қаласында өткен болатын. Кейбір мәліметтер бойынша, жекпе-жектің 1905 жылы болғаны айтылады.
Қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды, – деп жазады видоны жүктеген Санжар Керімбай желідегі парақшасында.
Бұл Қажекеңнің джиу-житсу бойынша жапон палуаны Саракики Джиндофумен болған жекпе-жегі, деп жазады Abai.kz.
Харбинде өткен (кейбір деректер бойынша Жапонияда болған дейді) француз күресінен ресми чемпионат аяқталған кезде, Саракики кілемге шығып джиу-житсу жапон күресімен кез-келген палуанды жеңе аламын деп жариялайды. Бұл үндеуді тек Қажымұқан ғана қабылдайды. Жекпе-жек кезінде Саракики Қажымұқанның құлағы мен астыңғы ернін жыртып, жұлып алады, дегенмен Қажымұқан Саракикиді ұстап алып, кілемге жығады. Осы жекпе-жектен кейін Саракики қайтыс болған.
Көріп отырғандарыңыз – Қажымұқан мен Саракикидің айқасы. Ұзақтығы 20-ақ секунд. Видеода Саракикидің Қажымұқан бабамызға қандай соққылар жасағын көруге болады. Тарихта палуан бабамыздың жекпе-жектен жарақат алғаны белгілі. Ал жеңіліс тапқан Саракики көз жұмған.
Тағы да оқыңыз:
Елімізде «адасқандар» арасында бокстан, күрестен чемпион болған жігіттер жүр
Ақтөбе облысында мешіт имамы әйел теолог тапшы деген желеумен келіншегін қызметке алған