Қажылыққа бармақ болған Астана тұрғыны 1,5 миллион теңгесінен айырылып қалды
Фото: depositphotos.com
Астана тұрғыны алаяқтардың құрбаны болып, кіші қажылыққа бару мүмкіндігі мен ірі көлемде қаржысынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәбірленушінің айтуынша, ол Instagram арқылы бір туристік компанияны тауып, өкілімен қажылық сапарын ұйымдастыру туралы келісімге келген. Ол екі жолдаманың ақысын төлеген, алайда ұшу күні келгенде виза да, әуе билеттері де болмаған. Ал компания директоры байланысқа шықпай қойған. Келтірілген шығын көлемі – шамамен 1,5 миллион теңге.
Қажылыққа заңсыз барғандарға 13,5 миллион теңге айыппұл салынады – ҚМДБ
Айыппұл мен депортация: Сауд Арабиясы 2025 жылғы қажылыққа қатысты жаңа ережелер енгізді
Сарайшық ауданының полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Алаяқ 33 жастағы әйел болып шықты. Бұған дейін әйелдің үстінен Алматы қаласында 60-қа жуық алаяқтық дерегі тіркелгені анықталды.
Полицияның мәліметінше, алаяқ әйел қажылық сапарын ұйымдастыру туралы құжаттарды қолдан жасап, сенгіш азаматтардың ақшасын жымқырып отырған.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам 180 қазақстандықты Меккеге қажылыққа апарамын деп алдап кеткені туралы жазған едік.

Қазақта күйеу жігіт қайын жұртына иіліп сәлем салған – Этнограф
