Қаздардан қашқан ақтөбелік бала күтпеген сыйлыққа ие болды

Видеодан скриншот
Қаздардан қашқан видеосымен әлемге әйгілі болған ақтөбелік бала Керей cыйға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баланың әкесі Махамбет Ермеков 100 құсқа ие болғанын айтты. Оны партия филиалының төрағасы Әлібек Базарғалиев сыйға берген.
"Қаздардан қашып жүрген Керей енді қаздың иесі! Әлібек Базарғалиев Керейге 100 қаз сыйлады", – делінген хабарламада.
Керейді танымал еткен видео қазір баланың әкесінің Instagram-дағы аккаунтында 16 миллионға жуық қаралым жинаған.
Еске салсақ, бұған дейін қаздан қашқан баланың видеосы желіде тарап, оны америкалық рэпер Snoop Dogg парақшасына бөліскен еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген