Қазанда гүлдеген мамыргүл алматылықтарды таңғалдырды
Алматылықтар қалада мамыргүлдің гүлдеуін табиғаттың тосын құбылысы деп топшылады. Өйткені Алматыда соңғы жылдарға қарағанда биыл күздің ерекше суытқанын байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласы Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тұратын Дина Лейнек Instagram-дағы аккаунтына күзде гүлдеген мамыргүлдің суретін салды. Көктемде гүлдейтін гүлдің бұл тосын мінезі қалыпты ма деп оқырмандарынан сұрады.
"Тосынсый. Табиғат тазарған сияқты... 2020 жыл 1 қазан. Үйдің жанында мамыргүл гүлдеп тұр. Бұл қалыпты жағдай ма, білмедім?"- деп жазды Дина.
Пост желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Кейбір пайдаланушылар фотосуреттің шынайылығына сенбей, жай ғана жалған сурет екенін айтты. Өйткені, осы күздің ерекше суық болғанын айтады.
Ал кейбір желі оқырмандары, керісінше, фактіні растап, бұл қаладағы жалғыз жағдай емес деп сендіреді.
Айтпақшы, Алматы ауа райы жағдайларына жақын климаттық белдеулерде орын алған күзгі мамыргүл гүлдеуімен байланысты ондаған ұқсас жағдайлар әлемдік желіде бар. Ботаниктер бұл құбылыста ерекше ештеңе жоқ деп сендіреді.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
