AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазалы ауданында үш ауылға газ тартылады

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Басықара ауылдарына газ тарту рәсіміне қатысты.

Бұл елді мекендерге орамішілік газ желілерінің құрылысын жүргізуге биыл "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде тиісті қаржы бөлінді.

Көгілдір отын берілген уақытта Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Басықара ауылдарындағы 3 мыңнан астам отбасы және 26 әлеуметтік қамтамасыз етілетін болады. Жалантөс батыр ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Дарипа Қалмырза қуанышымен бөлісіп, ризашылығын білдірді.

- Бізде бүгін қуанышты күн. Себебі көптен күткен газ келгелі тұр ауылымызға. Өте ризамыз. Әйел адамдардың тұрмыс-тіршілігі жеңілдейтін болды. Бұл мәселені ауыл тұрғындары көптен бері көтеріп жүрді, енді міне, шешімін табуда, - деді.

Ауылдарға көгілдір отын апару нәтижесінде өңірде газбен жабдықтау жұмысы 67% жетті. 2025 жылға дейін тағы 22 елді мекенге газ тарту жоспарланып отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр