Қазақтың боксшы қызы Назым Қызайбай жейделер топтамасын шығарды
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай “NK Team” брендімен жейделер топтамасын шығарды.
Қазақстандық спортшы қыздың жаңа бастамасы туралы оның әріптесі Әділбек Ниязымбетов айтып берді.
“Спорт – денсаулық кепілі демекші, бүгінде, спорт өмірдің ажырамас бөлігі. Салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар физикалық жаттығулар жасаумен қатар, спорттық киімге де назар аударуы тиіс. Айта кететін жайт, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жеңіл жейделер топтамасын жұрт назарына ұсынбақ”, — деп хабарлады екі дүркін олимипиада күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, жейделер спортшылар мен спорт әуесқойларына арналған. Боксшы атап өткендей, аталмыш жеңіл жейделер спортпен айналысуға ынталандыратын жазулармен, дәйексөздермен безендірілген.
Тағы да оқыңыз:
Желі қолданушылары Назым Қызайбайдың биіне сүйсінуде (видео)
Зарина Диас Қытайдағы турнирде жеңіске жетіп, 25 мың доллар алды
Роналду өзінің қыз зорлады деген айыптауға қатысы жоқ екенін мәлімдеді