Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақты қорлап біттіңдер": Кәмшат Жолдыбаева көйлегі үшін жұрттан сөз естіді

Кәмшат Жолдыбаева көйлегі үшін жұрттан сөз естіді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақты қорлап біттіңдер: Кәмшат Жолдыбаева көйлегі үшін жұрттан сөз естіді

Соңғы уақыттары танымал әншінің өзін-өзі ұстауы мен сахналық образына қатысты көп пікір айтылып жүр. Олар өнер иесін қазақтың дәстүріне жат әрекетке барасың деп айыптайды. Онсыз да ел назарында жүрген Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа көйлегі де желідегілерге жақпай қалған. Кеншілер күнінде өнер көрсеткен әнші жаңа образын желідегі парақшасына жүктеген. Омырауы ашық әншіні осылайша жұрт сынның асына алды. 

"Кеншілер төсіңізге көмір құйып жібермесін", "Артқы жағыңды ашқаның аз еді. Енді төсіңді көрсеттің бе?", "Ұзын кисе де, бір жері ашық болу керек", "Саған жалаңаш жүрген жарасады", "Шешініп шыға сал барлық жеріңді көріп болдық",  "Қазақты қорлап біттіңдер", - деп пікір білдірген.

Алайда ойларын ортаға салғандардың барлығы дерлік жаман пікір жазбаған. Өнер иесін жақтап, жұлдыз болғандықтан, ерекшеленіп тұру керек дескендер де табылды. Олар әншіде шатақтарың болмасын деп шорт кесті.

"Недеген қыз", "Кәмшатқа тіл тигізбеңдер. Қолдарыңнан келсе, сендер де сол сияқты болыңдар", "Бала туып, далаға лақтырып кеткенге қарағанда жақсы ғой", "Несі бар, әдемі", "Недеген төс", "Өте керемет", - дейді олар. 

Талқылау