«Қазақтелеком» Шымкентте GPON пайдаланушыларының санын екі есеге арттырады
Шымкентте жыл соңына дейін ең озық GPON технологиясымен 2,6 мың пәтер жоғары жылдамдықты ғаламтор желісіне қосылмақ. Бұл мегаполистегі пайдаланушылар санын екі есеге арттырады.
GPON желісіне Қазақтелеком арқылы қосылу 200-ден 500 Мбит/с жылдамдыққа кепіл береді. Одан бөлек ғаламтор, IP-телефон мен цифрлық теледидар қызметтерін пайдалануға және тұтынушылар көбейген уақытта еш кедергісіз, жылдам жұмыс істеуге кепілдік береді. Бұл технология Қазақстанның барлық қалаларында қолданысқа енді. Мәселен, Шымкентте жыл басынан-ақ GPON желісін пайдаланушылар саны бірнеше мың адамға жеткен.
Осы технологияның көмегімен "Shymcity" мен "New City" кешендерінің тұрғындары "Қазақтелекомның" қызметіне қосылды. Ірі байланыс операторының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев мұндағы интернет сапасымен Шымкентке сапары барысында танысқан екен.
Ал "Shymcity" тұрғыны Нұрлан Мирзатаев отбасымен өзге де провайдерлердегі ұсыныстарды қарап, салыстырған. Кейін достары мен туыстарының пікірлерін негізге ала отырып, "Қазақтелекомның" тұтынушысы атанған.
"Біз үшін ғаламтордың жақсы жұмыс істеуі маңызды. Себебі балаларымның біреуі оқушы, екеуі студент. Олар үй тапсырмасын бір уақытта орындайды. Одан бөлек, әйелім бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол оқушылардың электронды журналына баға қойып, сабаққа дайындалуы керек. Сондықтан біз үшін осы сұраныстардың барлығын қанағаттандыратын қызмет провайдерін іздедім. Соңында "Қазақтелекомды" орналастыруды ұйғардық, - дейді Нұрлан Мирзатаев.
"Қазақтелеком" тұтынушыларына тиімді шарттар ұсынады. Мәселен, ұзақ мерзімді келісім болса, төлемге жеңілдік беріледі. Оған қоса бір-екі тіпті үш жылға дейін бастапқыда төленген бағаның тұрақты болуына кепілдік береді. Абонент қосылу жылдамдығы мен қызмет пакетін өзі таңдайды. Пакетте шексіз мобильді интернетті бес нөмірге дейін қосып береді. Ең ірі байланыс операторы енді тұтынушылардың максималды санын қамтуға тырысуда.
"Біз жоғары жылдамдықты, кең жолақты, сенімді байланыс арқылы көптеген отбасыларды қуантқымыз келеді. Себебі адамдар басқа жаққа қарағанда үйлерінде ғаламторды шамамен 30 есе көп қолданады. Өткен жылы 6000 тұрғынды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз еттік. Енді биыл осы қаладағы 2600 отбасын жыл соңына дейін талшықты-оптикалық желілермен қамтамасыз етеміз", - деді компанияның басқарма төрағасы.
Нәтижесінде тек "Shymcity" және оған көршілес "New City" кешенінде 11 мыңға жуық тұрғын "Қазақтелекомның" жоғары жылдамдықты интернетімен қамтамасыз етіледі. Ал жаңа ғимараттардың құрылысы мен инженерлік желілерді орналастыру жұмыстары қатар жүргізіледі. Сол арқылы қоныстанушыларға жылдам қызмет көрсетіліп, жаңа баспананың жабындары мен сәндік әрлеуі бүлінбей, тұтастығын сақтайды.