Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың асыл тұқымды иттерінің арнайы тізімі шығады

Орман шаруашылығы және жануарлар комитеті қазақтың тазы мен төбет асыл тұқымды иттердің бірыңғай тізімі бар кітабын жүргізу қағидаларын әзірледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тазы мен төбет ит тұқымдары бойынша бірыңғай асыл тұқымды кітапты ұлттық орталық жүргізеді.

Таза тұқымды, сау, сыртқы түрі жақсы, иттерді асыл тұқымды мақсатта пайдаланады. Олар мына талаптарға келуі керек:

Тазы ит тұқымдары бойынша:

Тегінің кемінде үш қатары тексерілген еркектер;
Тегінің кемінде үш қатары туралы деректері белгілі ұрғашылар;

Төбет ит тұқымдары бойынша:

Тегінің кемінде үш қатары тексерілген, тұқымы бағалы ұрғашы
Тегінің кемінде үш қатары туралы деректері белгілі ұрғашылар.

Тізімде асыл тұқымды иттер туралы деректер бөлек жүргізіледі, барлық сипаттамалар көрсетіледі:

  • Иттердің шығу тегі және тұқымы;
  • Еркек пен ұрғашының салмағы бойынша сипаттамасы;
  • Баллдық бағалау (индекстік бағалау);
  • Ұрғашылардың жұптасуы мен күшіктерін есепке алу;
  • Лақап аты, жеке нөмірі, тұқымы, туған күні мен орны, иттердің шығу тегі;
  • Денесінің әр өлшемц;
  • Түсі, туған жылы;
  • Жүні;
  • Бас, жақ және құлақ құрылымы;
  • Мойын құрылымы.

Картотекаға жыл сайын иттің қолданылуы және оның өнімділігі туралы мәліметтер енгізіледі.

Құжат 9 наурызға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 16:23
Талқылау