Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел соғып, көктайғақ болады
Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте көктайғақ болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде желдің екпіні 23м/с болып, жекелеген аудандарында көктайғақ болады.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Талқылау