Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық құрама қазақстандық ең танымал қақпашыға қатысты шешім қабылдады

Фото: fckairat.com

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиыны аясында екі бақылау кездесуін өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дайындық кезеңі Шымкент қаласындағы "БИИК" спорт кешенінде ұйымдастырылған, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Бұл жиын – алдағы халықаралық матчтарға дайындықтың маңызды бөлігі. Құрама сапында ел біріншілігінде жарқырап жүрген талантты ойыншылармен қатар, Испанияда өнер көрсететін футболшы да бар.

Құрама құрамына енген ойыншылар:

Қақпашылар: Шерхан Қалмырза, Диас Реймов (екеуі де "Қайрат"), Саятхан Құсайынов ("Ақтөбе");

Қорғаушылар: Данияр Ташполатов, Әмірбек Базарбаев, Райымбек Кенесбеков, Әкежан Қалиқұлов (барлығы "Қайрат"), Аманжол Бақытжанов, Иван Пивоваров (екеуі "Тобыл"), Абзал Сағын ("Астана"), Темірлан Төребек ("Ертіс");

Жартылай қорғаушылар: Әли Ақылбаев ("Шахтер"), Евгений Петрик, Мұхамедәлі Әбіш, Әлиден Мұсаипов, Карим Махаметжан (барлығы "Қайрат"), Асан Байғалиев ("Елімай"), Даниял Назаров ("Астана");

Шабуылшылар: Мансұр Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (барлығы "Қайрат"), Максат Абраев ("Астана"), Виталий Латурнус ("Ақтөбе"), Алдияр Нұрғали ("Леванте", Испания).

Айта кетейік, Алдияр Нұрғали бүгінде Испанияның "Леванте" клубында өнер көрсетеді және ұлттық құраманың ең танымал жас футболшыларының бірі саналады. Ол бұл жиында Қазақстан намысын қорғауға дайын.

U19 құрамасының оқу-жаттығу жиыны жас ойыншылардың тәжірибе жинақтауына және Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне сапалы дайындалуына бағытталған.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 14:19
Талқылау