Қазақстанның төрт өңірінде қыз алып қашқандар тергеуге алынды
Фото: Belova14/drive2.ru
Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің жаңа баптары бойынша алғашқы істер туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қадағалау органы сталкингке (жаңа 115-1-бап УК) қылмыстық жауапкершілік енгізген.
“Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту, соның ішінде жеке өмірге қол сұғатын, бірақ күш қолданусыз жасалатын құқыққа қарсы әрекеттердің аса ауыр қылмыстарға ұласуын болдырмау мақсатында Қылмыстық кодекске сталкинг үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді (ҚК-тің жаңа 115-1-бабы)", - делінген ақпаратта.
Қолданықса енгізілгеннен бастап (16.09.2025ж. бастап) елімізде сталкинг фактілері бойынша 2 қылмыстық іс Атырау және Павлодар облыстарында тіркелді.
Сталкинг жасаған адамдарға 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза көзделген.
Сондай-ақ әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейту шаралары аясында осы Заңмен неке қиюға мәжбүрлеу үшін де қылмыстық жауаптылық енгізілді (ҚК-тің жаңа 125-1-бабы).
Егер әйел адам ұрланып, күш қолдану қаупімен немесе мүлкін жою не бүлдіру қатерімен неке қиюға мәжбүрленсе, кінәлі адамға 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Абайсызда ауыр зардаптар туындаған жағдайда, кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылады.
“Неке қиюға мәжбүрлеу фактілері бойынша алғашқы қылмыстық істер Шымкент қаласында, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында тіркелді. Айта кетерлігі, екі жағдайда жәбірленушілер кәмелетке толмағандар болған”, - делінген Бас прпокуратура хабарламасында.
Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасуда және прокуратура органдарының бақылауында тұр.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
