Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанның сыртқы қарызы азаматтарға несие түрінде рәсімделеді": Желідегі ақпарат қазақстандықтарды дүрліктірді

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Қазақстанның сыртқы қарызы азаматтарға несие түрінде қайта рәсімделетіні туралы ақпарат тарады. Жазбаға сәйкес Қаржы министрінің осындай ұсынысын Президент қолдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

сыртқы қарыз

Ақпарат "qazinform.kz" сатиркалық Instagram парақшасы жарияланған. Дегенмен мұнда шынайы ақпарат таратылмайды. Профилінде де контенттің тек сатиралық және Қазақстан жайлы жалған ақпараттар жарияланатыны көрсетілген. 


"Жүкті әйелдерге вакцина олардың келісімінсіз салынады": Желіде тараған ақпаратқа қатысты Санитарлық бақылау комитеті пікір білдірді


Бұған дейін парақшада Ерлан Қариннің сыртқы қарызға қатысты пікірі жарияланған еді. Жазбада қарызды азаматтарға бөлу Тәуелсіздікті сақтаудың жалғыз жолы екені жазылды. Дегенмен парақша сатиралық болғандықтан, сенудің қажеті жоқ.

Қазақстанның сыртқы қарызын 5% мөлшерлемемен ел азаматтарына қайта рәсімдеу жайлы ақпарат та қалжың. Әйткенмен сатиралық хабарламаны шындап қабылдағандар да болған. 
 

Талқылау